Жаңалықтар

Турнирлер

Балалар-жасөспірімдер

ЖЕҢІМПАЗДАР ШЕШІЛДІ «МИНИ-ФУТБОЛДАН МЕКТЕПКЕ» ЖОБАСЫ

211


   «Мектепке шағын футбол» жобасы аясында қаланың жалпы білім беретін мектептері арасында футзалдан қалалық жарыс аяқталды. Бұл жолы сайысқа 7-8 сынып оқушылары ұлдар да, қыздар да қатысты.

  Жарыстар Қазақстан Футбол Федерациясы, Қызылорда облыстық футбол федерациясы және Қалалық білім бөлімінің бастамасымен өтті.

    Ойындар No144 орта мектеп пен «Ұлағат» мектеп-лицейінің екі спорт алаңында өтті. Жарысқа қатысқан 22 команда топтарға бөлініп, одан кейін финалдық ойындар өтті.

  Қыздар арасында орындар былайша бөлінді: 1-орынды 39 орта мектеп командасы иеленсе, екінші орынды No5 орта мектепке қалдырды және No2 орта мектеп командасы үздік үштікті түйіндеді.

   Ұлдар арасында бірінші орынды No212 орта мектептің командасы, екінші орынды «Ұлағат» мектеп-лицейі мен No144 орта мектеп командалары иеленді.

  Ұйымдастыру комитеті номинациялар бойынша үздік ойыншыларды анықтады. Қыздар арасында: қақпашы – Анастасия Кедрова (No5 ОМ), қорғаушы – Ақжанат Қуаныш (No39 ОМ), шабуылшы – Назым Таңшабек (Абай атындағы ОМ), ойыншы – Ботакөз Мұханбетжан (No39 ОМ).

Жас жігіттер арасынан қақпашы – Жайдар Әбутәліпов (No212 ОМ), қорғаушы – Дінмұхамед Тұрған (Ұлағат), шабуылшы – Жарас Жәкеш (No144 ОМ), үздік ойыншы – Қазыбек Мұса (№ 212 ОМ).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, естелік медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Күнтізбе

«
Сәуір 2024
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  •  

Сауалнама

Қызылорда футбол федерациясының сайтының жаңа дизайнын бағалаңыз?

Казахстанская Федерация футбола Fifa КазГерМунай Petro Kazahstan Бизнес Центр Бастау