Жаңалықтар

Қызылорда облыстық футбол федерациясының кезектен тыс конференциясы

760

    Қызылорда қаласында 2022 жылдың 25 мамырында «PRIMA PARK» БК мәжіліс залында Қызылорда облыстық футбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияға облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Руслан Рүстемов, ҚФФ Өңірлік байланыстар департаментінің директоры Бағдат Ағниязов қонақтар қатысты.

   Құрамына облыстың спорт қауымдастығының өкілдері, футбол ардагерлері, аудандық спорт комитеттерінің өкілдері және облыстардағы футболға жауаптылар, «Қайсар» және «Байқоңыр» ФК басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы, Футбол орталығы, футбол спорт мектебі, жаттықтырушылар, инспекторлар мен төрешілер, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

   Күн тәртібінде үш мәселе қаралды: атқарылған жұмыстар туралы есеп, оны «КОФФ» АӘҚ атқарушы директоры Асқар Сереков баяндады. Екінші мәселе бойынша атқарушы директор 2022-2027 жылдарға арналған Қызылорда футболын дамыту бағдарламасымен таныстырып, ол бекітілген. Жарыссөзде футбол ардагерлері Нұрлан Әбуов, Сәрсен Қиятбаев, Кеңесбек Исаев жастар футболы туралы сөз қозғады.

   Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыс әкімдігінің және Қызылорда облысы облыстық мәслихатының Құрмет грамоталарымен марапаттау үшін ҚҚОФ бірінші вице-президенті Болат Көшербаев облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамовты шақырды. Ол залға жиналғандардың барлығын қарсы алып, Конференция барысында көтерілген кейбір сұрақтарға тоқталып, футбол ардагерлерін, Атқару комитетінің мүшелерін, футболдың дамуына үлес қосқан КОФФ қызметкерлерін марапаттауды жалғастырды:

Серікбаев Ережеп, Әбішев Әкімжан, Миралиев Қуандық, Тасберегенов Тимур, Добренюк Анна, Жантуғанов Еркен.

    Конференция соңында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Руслан Рүстемұлы Рүстемов сөз сөйледі. Ол қазіргі кезеңде қос мәдениет және спорт басқармасы біртұтас болып қайта құрылып жатқанын, барлығы біткен бойда 2022-2027 жылдарға арналған Қызылорда футболын дамыту бағдарламасына қол қойылатынын жеткізді. Бар түйткілді мәселелерге тоқталып, оларды бір бағытта бірігіп, бірлесіп шешуге шақырды.

Күнтізбе

«
Наурыз 2024
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31

Сауалнама

Қызылорда футбол федерациясының сайтының жаңа дизайнын бағалаңыз?

Казахстанская Федерация футбола Fifa КазГерМунай Petro Kazahstan Бизнес Центр Бастау