Мұстафаев Садық Шонмұрынұлы

Мұстафаев Садық Шонмұрынұлы

1966 жылғы 15 қарашада Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет совхозында дүниеге келген.

1973-1981 жылдары Жалағаш ауданы Мәдениет совхозындағы орта мектепте білім алды.

1985-1987 жылдары Кеңес Әскері қатарында борышын өтеді.

Білімі жоғары.

1991 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтын, 2009 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік басқару» мамандығын бойынша бітірді.

1991-1993 жылдары Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында күрес кафедрасында оқытушы қызметін,

1993 жылы бұқаралық спорт түрлерінен жоғарғы спорт жетістіктерінің республикалық мектебінде жаттықтырушы,

2001-2005 жылдары спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатында аға жаттықтырушы қызметін атқарды.

2005 жылғы 24 қаңтардан бастап Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметін атқарып келеді.

Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдодан Халықаралық дәрежедегі төреші, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері атақтары бар.

2008 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен және 2011 жылы Моңғолия мемлекетінің «Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» орденімен марапатталды.

2008 жылы республикалық ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жыл қорытындысы бойынша «Ұлттық спорт үздігі»,

2009 жылы облыстың «Ең үздік мемлекеттік қызметшісі» номинациясы берілді.

Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығы қызметінде, басқарма 2005 жылы облыс бойынша «Ең үздік басқарма» атанып, 2010 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымының 18-ші Ассамблеясы мүшелерін Қызылорда облысына келуін жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін, Испан Корольдігінің Халықаралық «Туризм, қонақ үй ісі және гастрономия» алтын жүлдесін алды.

2011 жылы Қызылорда облысы «Ең үздік спорттық аймақ» номинациясын иемденді.

2012 жылы Ресей Федерациясының спорт, туризм және жастар саясаты министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Жанұялы, қыз және ұл тәрбиелеуде.