Бүгін Сұлтан Әбеновтің жүлдесіне 2005-2006 жылдары дүниеге келген жас футболшылардың арасында өткен I Республикалық турнир аяқталды. Жарысқа еліміздің түпкір-түпкірінен 10 команда қатысты. 5 күнге созылған сайыста жас былғар доп шеберлері өзара мықтыны анықтады.
Турнир қорытындысы бойынша бас жүлде – Сұлтан Әбеновтың кубогі Шымкент қаласының № 7 спорт мектебінің командасына бұйырды, екінші орын – Қайсар ФО (Қызылорда қ.), қола жүлде Шымкент қаласының құрама командасында.
Сонымен қатар әр номинация бойынша үздік ойыншылар белгілі болды:
«Үздік жартылай қорғаушы» –
Батыр Тілеу (Қызылорда қ.),
«Үздік шабуылшы» –
Қажымұқан Қуатбекұлы (Шымкент қ.),
«Үздік қақпашы» –
Бақытжан Сәбит (Қызылорда қ.),
«Үздік ойыншы» –
Заңғар Шардарбек (Шымкент қ.),
«Жеңіске деген жігері үшін» – Алматы қаласының командасы,
«Үздік техника көрсеткені үшін» – №6 Қызылорда облысының футбол мектебі,
«Жігерлі ойыншы» – Руслан Захаров (Алматы қ.)
Мараппатау рәсімінен кейін футбол ардагері Сұлтан Әбенов жас футболшыларға құттықтау сөздерін айтып, естелік сыйларын табыстады.
Пікір қалдыру