Спорттың негізгі тірегі – инфрақұрылым

  • 373 рет оқылды

– Спорттың қай түрінде болмасын, ең негізгі тірек – инфрақұрылым болуы тиіс. Жаттығуына жағдай жасамай, футболшыдан, жалпы спортшыдан үлкен нәтиже талап ету әбестік. Сондықтан, біздің қазіргі мақсатымыз да – осы инфрақұрылымды жандандыру. Мысалға, Еуропа елдерінде әр 10 мың тұрғынға бір стадионнан келеді. Ал 250 мың халқы бар Қызылорда қаласында екі-ақ стадионның болуы, әлбетте өкінішті. Оның өзінде, Орталық стадионда тек «Қайсар» футбол клубы ойнап жүр. Ал жас аяқдопшылар «Локомотив» стадионында ғана доп тебуге мәжбүр. Сондықтан, футбол алаңдарын барынша көбейтуіміз керек. Бұл да біздің бағдарламамыздың басты бағыттарының бірі. Жағдай осылай екен деп қол қусырып отырған жоқпыз. Барлық аудан орталықтарындағы стадиондарға заман талаптарына сай жасанды шөп төсеп, трибуналары қайта қалпына келтірілді. Ал Арал мен Қармақшыда жаңадан стадион салынды. Соңғы 5 жылда облысымызда 320 шағын футбол алаңдары пайдалануға берілді.

МЕДИА

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)