Қалымбетов кубогы Шымкент қаласына бұйырды

  • 495 рет оқылды

Қызылорда қаласының «Локомотив» стадионында Сыр футболының аңызы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған балалар арасындағы облыстық ашық турнир мәресіне жетті. Бас жүлдені Шымкент қаласының жеткіншектері жеңіп алды.

12227044_1244318692261015_3032732100063486869_n

         Айта кетейік, биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі турнирге Қызылорда қаласы мен аудандарынан бөлек, Ақтөбе және Шымкент қаласының да 2001 жылғы жеткіншектер командалары қатысқан болатын. Алғашқылары жартылай финалға дейін жетіп, 4-орынды қанағат қылса, үшінші орынды Қызылорда қаласының футбол мектебі жеңіп алды. Ал финалда «Қайсар» футбол орталығы мен Шымкент қаласының командасы кездескен. «Қайсарлықтар» жарысқа 2002-2003 жылғы тәрбиеленушілерін қосқан екен, соған қарамастан, матчта бірінші болып есепті ашты. Алайда, жеңісті ұстап тұра алған жоқ. Кездесудің аяқталуына санаулы уақыт қалғанда қонақтар екі гол соғып, жеңісті жұлып алды.

12195824_1244318698927681_884597300817577018_n

-  Биыл Әбіл Қалымбетовтің турниріне үшінші рет қатысып отырмыз. Біріншісінде үшінші орынды иемденгенбіз, былтыр финалда сүріндік. Енді міне, бас жүлдені жеңіп алдық, – деді турнирден кейін қуанышын жасыра алмаған Шымкент қаласы командасының капитаны Нұрислам Шәріп.

Айтпақшы, бұл футболшы жарыстың үздік ойыншысы атанды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар алқасы өзге де номинациялардың иегерлерін анықтап, үздік қақпашы атағын «Қайсар» футбол орталығының өрені Нұрмат Сәрсеновке берсе, ақтөбелік Данияр Абдулин үздік қорғаушы, шымкенттік Елдос Тұрмағанбетов үздік жартылай қорғаушы, қызылордалық Аян Құлмағамбет үздік шабуылшы атанды.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Қаленов, Облыстық футбол федерациясы Атқару комитетінің мүшесі Асқар Сереков, «Қайсар» футбол клубының директоры Нұржан Жалғасбаев және марқұм Әбіл Қалымбетовтің жары Дана Саймағамбетова марапаттады.

12190873_1244318935594324_4267471005756287611_n

МЕДИА

12227044_1244318692261015_3032732100063486869_n 12195824_1244318698927681_884597300817577018_n 12190873_1244318935594324_4267471005756287611_n 12193685_1244318992260985_1750645515667710248_n

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)