Қызылордада Қалымбетов турнирі басталды

  • 466 рет оқылды

               Бұл күндері Қызылорда қаласының «Локомотив» стадионында Сыр футболының аңызы Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтіп жатыр. 2001 жылғы жасөспірімдер арасындағы жарысқа қатысу үшін облыстың аудандарынан бөлек, Ақтөбе және Шымкент қалаларының командалары да келіпті.

12190924_1241458352547049_4657494393210721613_n

         Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұратын бұл турнир жылына екі рет өтеді. Біріншісі көктемде өтсе, екіншісінің байрағы оқушылардың күзгі демалысы кезінде желбіретеді. Барлығы 180 ойыншы, 10 команда турнир ережесі бойынша екі топқа бөлінген. Бірінші топта «Қайсар» футбол орталығының да жеткіншектері бар. Бірақ орталық жетекшілері жарысқа 2002-2003 жылғы балалар командасын қатыстыруды жөн көріпті. Алғашқы кездесуін Қазалы ауданымен өткізген «қайсарлықтар» 1:1 есебімен тең түсті.

Ал әзірге Ақтөбе және Шымкент командаларының қарымдары мықты. Алғашқы ойындарында қарсыластарын ойсырата жеңген олар бірден өз топтарының көшін бастады. Турнирдің финалдық ойындары 7 қараша күні өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер толық анықталады.

МЕДИА

12190924_1241458352547049_4657494393210721613_n 12193650_1241458452547039_5347867371626642895_n

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)