ДВД КЗО “С” лигасының жеңімпазы атанды

  • 741 рет оқылды

Шағын футбол лигасының жазғы маусымы толық аяқталды. Өткен сенбі-жексенбі күндері «С» лигасының соңғы тур ойындары өтіп, «тәртіп сақшыларынан» құралған ДВД КЗО ұжымы жеңімпаз атанды.

с лигасы 27 тур

с лигасы 28 тур

Төменгі топ демесеңіз, «С» лигасында да қарымды футболшылар, жоғарғы дивизиондардың ұжымдарына бәсекелес бола алатын командалар жетерлік. Әсіресе, үздік сегіздіктегі командалардың қай-қайсысы болмасын, «В», тіпті «А» лигасында да жоғары орындардан көрінуге қабілеті жетерлері анық. Жә, жарайды, ол жағына алдағы уақытта көз жеткізе жатармыз. Әзірге «С» лигасының жазғы маусымын қорытындылап жіберелік.

Әлбетте, ДВД КЗО командасы турнир басынан-ақ бас жүлдеге басты үміткерлердің бірі саналды. Көп ұзамай турнир көшін бастады да, ұзақ уақытқа дейін тізгінді қолдарынан жібермеді. Тек бірінші айналымның соңында ғана лидерлікті бір сәтке уыстарынан шығарып алды. Бірақ көп өткен жоқ, өз орындарына қайта жайғасты. Міне, содан кейін сүрінген жоқ. Рас, олардың да жеңілістері болды. Олар да ұтылып жатты. Алайда жарыс барысын өз бақылауларында ұстаған «тәртіп сақшылары» мақсаттарына жетіп, бас жүлдені қанжығаларына байлады.

«Орда» да өрелі команда. Маусымды бір деммен өткізген Абай Базарбаев бастаған жігіттер соңғы турға дейін бас жүлдеден дәмелі болды. Егер бірінші айналымда болмашы қателіктерге бой алдырмағанда жеңіс осы ұжымға бұйырар еді. Ал “ГерКуб” үшінші орынға ілігіп кетті. Екінші айналымды ентікпей өткізген «мандарин жейделілер» «қоланың» жалына жармасып үлгерді.

Аутсайдерлер бізде үшеу: «Сейхун», «11-регион» және «Дельфин». Қарсыластарына ұпай үлестірумен болған бұл үшеуі біраз командалардың алғысын алғандары анық.

IMG_6279

МЕДИА

IMG_5656 IMG_6279 с лигасы 28 тур с лигасы 27 тур

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)