“Тәртіп сақшылары” көшбасшылықты сақтап қала ала ма?

  • 621 рет оқылды

         «С» лигасы да мәресіне жетуге жақын. Дәл қазір бас жүлдеден басты үмітті қос бәсекелестің арасын жалғыз ұпай бөліп тұр. «Тәртіп сақшылары» көшбасшылықты ұстап тұра ала ма, әлде «Орда» озып кете ме? Міне, соңғы аптада командалар осы сұраққа жауап іздейтін болады.

с лигасы 25 тур

с лигасы 26 тур

         Екінші айналым басталғалы бері жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген «Зенит» әупірімдеп үздік ондықтан орын алды. Қазір «букмекерлер» турнир кестесінің 8-сатысында келеді. Дегенмен, «Зенит» қанша тырысқанымен жетіліктен әрі көтеріле алмайды. Бірақ, сәл де болса «Ордаға» көмектесті. 25-турда «ДВД КЗО» командасымен кездескен олар көшбасшыларды 7:1 есебімен тізерлетті. Енді «Тәртіп сақшыларына» сүрінбеу керек. Егер екі ойынның біреуінде ұпай жоғалтса, онда бас жүлдемен қоштасуларына тура келеді.

Ал 3-орынға «ГерКуб» көтерілді. Бауыржан Дүйсековтің қақырата соққан голдарының арқасында қарсыластарының барлығын қоғадай жапырып келе жатқан «ГерКуб» азулы «Арлан» мен жаралы «11-регионды» ұтты.

Алда «С» лигасын соңғы, шешуші тур күтіп тұр. Міне, нағыз командалардың сыналар күндері сонда болмақ.

IMG_1186

 

 

 

МЕДИА

IMG_1186 IMG_0999 с лигасы 25 тур с лигасы 26 тур

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)