“Азамат” — Қызылорда чемпионы

  • 732 рет оқылды

Ала жаздай доп тепкен Қызылорда әуесқойлары қала чемпионын анықтады. Қарсыластарын қоғадай жапырып, біріншілікті бір деммен аяқтаған Аман Жанахметов бастаған «Азамат» ең мәртебелі дивизхион – «А» лигасының чемпионы атанды.


а лигасы 18 тур

Әлбетте, сәтсіз ойындары да болды, алаңнан бастары салбырап қайтқан кездері де аз емес. Әсіресе, турнирдің екінші кезеңі «валерианкалы» болды. 11-турда «Престолдан» жеңіліп қалып, 15-турда «Севен» сан соқтырды. Бірақ, ең бастысы – «Азамат» негізгі қарсыласын өзара ойында тізе бүктіре алды. Міне, бүгін Шағынф футбол лигасының олимпіне көтерілуі сол жеңістің арқасы. Ал соңғы турда Аман Жанахметов шәкірттеріне жай ғана «Цирконды» ұту қажет болды. Бірінші айналымда «қара жейделілер» Жүніс Әлиев бастаған команданы 23:3 есебімен ойсыратқан. Алайда бұл жолы «Циркон» жай ғана команда болмай шықты. Бірінші болып есепті ашып алды да, қорғаныста сауатты ойнауға көшті. Тек ойын соңына таман ғана шаршап қалса керек, “Азаматтың” қарқынына шыдай алмай, чемпионның алдында тізе бүгуге мәжбүр болды.

Егер «Азамат» осы ойында тым болмаса тең ойнағанда, онда бас жүлде «Орионға» бұйырар еді. Өз кезегінде Дидар Сахиұлы бастаған саңлақтар КГЭК-ті 9:3 есебімен ұтып, «Азаматтың» сәтсіздігін күтіп отыр еді. Ал үшінші орынға «СулМарт» орналасты. Соңғы турда «Кундуздан» жеңіліп қалғандарына қарамастан Дархан Махамбетов бастаған марғасқалар «қола жүлдені» ұстап қала алды.

Енді аутсайдерлер жайлы бірер сөз. Бұлардың да өз тартыстары бар. Бірден төрт команда еді тұңғиықта. Бірақ кейінгі турларда жанкештілік танытқан КГЭК пен ЦОН өз орындарын сақтап қала алса, «Циркон» мен «Ай Дан Мұнай» «А» лигасымен қоштасатын болады.

IMG_0374

МЕДИА

а лигасы 18 тур IMG_0505 IMG_0374

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)