“САН МҰНАЙ ГАС” — “В” лигасының жеңімпазы

  • 695 рет оқылды

«В» лигасы соңғы ойынға дейін шиеленіске толы болды. Тек, «САН МҰНАЙ ГАС» пен «ПМ Агро центр» кездесуі аяқталғанда ғана, «В» лигасының жеңімпазы «банкирлер» емес, «құрылысшылар» болатыны анықталды.

в лигасы 18 тур

         Аламан жарыстарын көргендеріңіз бар шығар, сонда әккі шабандоз бәйгенің алдына түсіп кетпей, тым артта қалып қоймай, алдына басты бәсекелесін шығарып, соның соңынан ілесумен келеді емес пе?! Тек мәреге соңғы айналым қалғанда ғана тұлпарына қамшы басып, бәсекелесін басып озады. Бізге «САН МҰНАЙ ГАС» бәйгеге түскен сол шабандозды көзге елестетті. Бірінші турдан бастап бәйгенің алдына түскенімен «Halyk» біріншіліктің аяқталуына төрт тур қалғанда аяғына жэем түскен аттар құсап, болдырды да қалды. Қатарынан үш ойынды ұтылып, соңғы турда «Қаламгердің» алдында қауқарсыздық танытты.

Ал «САН МҰНАЙ ГАС» ше? Екі турда жеңілістің кермек дәмін татқаны болмаса, Азамат Алдановтың командасы біріншілікті бір демде өткізіп, бас жүлдені жеңіп алды. Соңғы турда «ПМ Агро центр» командасымен кездескен. Бірақ екінші таймның басында Дінмұхамед Скендір серкелері сергелдеңге түсіп, қақпаларына толассыз төрт гол жіберіп алды.

Үшінші орын «Футбол федерациясында». Бастапқыда «Halyk» пен «САН МҰНАЙ ГАС» тандеміне бәсекелестік танытуға тырысқанымен кейін шамасы жетпей, «қоланы» қанағат қылуға мәжбүр болды.

Соңғы орын «Динамода». Барлық кездесуінде жеңілген «Динамо» келесі маусымды «С» лигасында бастайтын болады.

IMG_9951

МЕДИА

IMG_0106 IMG_9951 в лигасы 18 тур

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)