Облыс әкімі кубогы мәресіне жетті

  • 451 рет оқылды

Бір жарым айға созылған балалар арасындағы Облыс әкімінің кубогы аяқталды. Бас жүлденіқаладағы №171 орта мектептің оқушылары жеңіп алды.

Айта кетейік, 2005-2006 жылғы жеткіншектер арасында өткен жарыс екі кезеңнен тұрды. Алдымен әр аймақтарда іріктеу додалары өтіп, финалға қаланың екі командасы және әр ауданның үздіктері жолдама алған болатын. Осылайша мыңнан озып, жүзден жүйрік шыққан сегіз команда Қызылорда қаласында жиналды. Илья Ильин атындағы балалар саябағының «Петро Қазақстан» алаңында жарыстың финалдық кезеңі өтіп, бас жүлдені қаланың №171 орта мектебі мен Қармақшы ауданының балғын футболшылары сарапқа салды. Өте тартысты өткен ойында қалалықтар қарқындылық танытып, 3:1 есебімен жеңісті жұлып алды. Ал үшінші орын үшін өткен таласта қаланың тағы бір командасы, яғни №173 орта мектеп Қазалы ауданының командасын 5:2 есебімен сүріндірді.

Сондай-ақ, жарыстың үздік ойыншылары да марапатталып, тасқамал қақпашы номинациясын шиелілік Асылжан Нұрланұлы жеңіп алды. Үздік қорғаушы атағы қазалылық Мағжан Құлатайға бұйырса, аралдық Нұсейіт Әлиев үздік жартылай қорғаушы, сырдариялық Әсет Русланұлы үздік шабуылшы деп танылды. Ал үздік ойыншы атағын Қармақшыдан келген Олжас Сәдуақас жеңіп алды.

IMG_9549

МЕДИА

IMG_9608 IMG_9549

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)