“С” лигасы. “Штурм” қолаға қол соза алар емес

  • 505 рет оқылды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілген «С» лигасының 23-тур ойындары өтті. Ешқандай сенсация немесе тосын есеп тіркелген жоқ. Фавориттер өз мықтылығын дәлелдесе, аутсайдерлер бір-бірінің ауыздарына түкіріп қойғандай қатар ұтылды.

с лигасы 23 тур

         Достар мен ДВД КЗО арасындағы кездесуге тоқталғымыз келеді. Бірінші айналымда бұлардың арасындағы ойында сенсация тіркеліп, «Достар» өздерінен әлдеқайда тәжірибелі қарсыластарын 4:2 есебімен тізе бүктірген. Содан бері біраз уақыт өтті. Алайда «тәртіп сақшылары» ол қорлықты әлі күнге ұмытқан жоқ шығар деп ойлағанбыз. Екінші айналымда қарымта қайтарар деп күткенбіз. Бірақ бұл жолы да қызыл жейделілер матчты өте қарқынды бастап, ә дегенде-ақ ДВД КЗО командасының қақпасына үш гол тоғытты. Кенжетай Жұмабеков шәкірттері шынымен-ақ сасайын деді. Тағы да бірінші айналымдағы сценарий қайталана бастап, ойыншыларынан маза кетті. Тіпті, әдетте әр ойын сайын екі-үш голдан соғатын Шыңғыс Садықтың өзі тепкен доптарын қақпаға тоғыта алмай, салы суға кетті. Дегенмен, олардың да өз джокерлері бар екен. «Ел басына күн туған» сәтте команда капитаны Артур Нұржанов тізгінді өз қолына алып, «Достар» қақпасына төрт гол соқты да, «тәртіп сақшыларына» жеңісті жұлып әперді.

Өзге кездесулерден «Орда» мен «Штурм» арасындағы ойынды айрықша айтуға болады. Алғашқысы алтыннан үміттерін әлі үзген жоқ, екіншісі қолаға қол созым жерде тұр. Дегенмен, бұл күні «Орданың» жолы болып, 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша «Штурм» бесінші орынға сырғып, төртінші орынға «ГерКуб» көтерілді.

IMG_3874

МЕДИА

IMG_3874 IMG_3820 IMG_3782 с лигасы 23 тур

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)