“В” лигасы. “Халықтың” халі нашарлап барады

  • 1,454 рет оқылды

     «Халық» командасының халі бітіп бара жатқан секілді. Қатарынан екі турда жеңіліп қалған «банкирлер» чемпиондықтың тағдырын шеше алмай әлек.

в лигасы 16 тур ойындар

«В» лигасында екі-ақ тур қалды. Чемпион өткен ойында анықталып қоюы мүмкін еді. Бірақ көш басындағы «Халық» банкінің командасы күтпеген жерден «Санмұнайгастан» 0:8 есебімен ойсырай жеңілді. Осылайша турнир кестесінде әлі де «банкирлер» алда болғанымен «Санмұнайгас» та бірінші орыннан дәмелі. Ал үздік үштіктен көрінуге «Футбол федерациясы» мен «Қаламгер» командасы үмітті болатын. Бірақ Сыр журналистерінен құралған «Қаламгер» өткен ойында «Тұрардан» жеңіліп, жағдайын қиындатып алды. «ПМ агро центр» футболшылары естерін енді ғана жиғандай. Соңғы кездесуде Дінмұхамед Скендр бастаған саңлақтар «Интер.kz» жігіттерін 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал жастардың дербиінде «Тұлпар» «Динамоға» еш мүмкіндік берместен 7:2 есебімен ұтты.

IMG_9133

МЕДИА

IMG_9133 IMG_9075 в лигасы 16 тур ойындар

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)