Федерация кубогын “Орион” жеңіп алды

  • 752 рет оқылды

      Қаланың «Локомотив» стадионында Қызылорда облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен Федерация кубогы өтті. Екі күнге созылған дүбірлі додаға 22 әуесқой команда қатысып, «Орион» футболшылары жеңімпаз атанды.

89

98

Апта сайын өтіп жатқан Шағын футбол лигасының аясында ұйымдастырылған аталмыш жарыс бірден көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Көптен күткен турнирге ұйымдастырушылар да жан-жақты дайындалып, бас кубокты арнайы Италиядан тапсырыспен алдыртыпты. Ойындар да тартысқа толы болып, басым бөлігінде жеңімпаздар пенальти сериясы арқылы анықталып жатты. Бір қызығы, бас жүлдеден басты үміткерлердің бірі саналған «Азамат» командасы ширек финалдан ары аса алмай, «Құндыздан» 1:5 есебімен ойсырай жеңілді. Ал жартылай финалға «Құндыздан» бөлек, «Орион», «Престол» және «САН МҰНАЙ ГАС» командалары жолдама алып, финалға шыққан екі команданы анықтады. Бұл жолы да футболшыларға пенальти сериясына жүгінуге тура келді. Нәтижесінде ақтық сында «Орион» мен «Құндыз» кездесіп, арпалыспен өткен ойында екі жақ та бір-бірін ала алмады. Пенальти тебуде «Орион» футболшылары чемпион атанып, Қызылорда облыстық футбол федерациясы атқарушы директорының қолынан басты кубокты алды.

Сонымен қатар, турнирдің үздік ойыншылары да марапатталды. Үздік қақпашы номинациясын «ориондық» Азамат Ахметов иемденсе, үздік қорғаушы атағы «СанМұнайГас» ойыншысы Әли-Ислам Демекбаевқа бұйырды. Үздік шабуылшы «престолдық» Дінислам Асылбекұлы, ал турнирдің үздік ойыншысы атағын «Құндыздың» капитаны Еркін Тобашев жеңіп алды.

IMG_8131

кубок федерации 1 этап

кубок федерации 2 этап и ширек финал

;fh

кубок федерации номинанты

IMG_8265

 

МЕДИА

кубок федерации 1 этап кубок федерации 2 этап и ширек финал кубок федерации номинанты ;fh 89 98 IMG_8131 IMG_8062 IMG_8265 IMG_8371 IMG_8108

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)