Бұрымдылар доп тепті

  • 604 рет оқылды

      Қызылорда қаласында қыздар арасындағы шағын-футбол турнирі өтті. Жеті команданың басын қосқан жарысқа жүзге жуық қыздар қатысты.

Сыр өңірінде ғана емес, жалпы елімізде әйелдер футболына аса көп көңіл бөліне бермейді. Дегенмен, осы олқылықтың орнын толтыруға тырысқан Қызылорда облыстық футбол федерациясы биылдан бастап бұрымдылар футболына бет бұра бастады. Дәл осы тектес турнир көктемде де ұйымдастырылған. Ол жарыс оқушылар арасында өткен еді. Бұл жолы турнирге кәсіптік колледждер де қатысты.

IMG_6628

–     Бірінші рет қыздар арасында осындай масштабтағы турнир ұйымдастырып отырмыз және алдағы уақытта жарысты дәстүрлі етуге тырысамыз. Жалпы, 15-16 жастағы қыздарды арнайы таңдадық. Өйткені, болашақта осы қыздар арасынан Қызылорда құрама командасын жасақтап, Қазақстан чемпионатына қатыстыру жоспарда бар, – деді аталмыш турнирдің мақсаты жөнінде пікірін білдірген Қызылорда облыстық футбол федерациясының атқарушы директоры Ақмарал Төребаева.

Төрт мектеп және үш колледж қатысқан жарыстың финалына Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық колледж №143 мектептің қыздар командасы жолдама алып, бас жүлдені сарапқа салды. Иартысты өткен ойында студент қыздар 2:0 есебімен жеңіске жетіп, бас жүлдені жеңіп алса, үшінші орын Агро-техникалық колледжге бұйырды. Сондай-ақ, жарыстың үздік ойыншылары да марапатталып, жүлдегерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді. Үздік қақпашы атағы №211 мектептің оқушысы Ұлдана Ерниязоваға бұйырса, 198 орта мектептің аруы Рашида Резяпова үздік қорғаушы, музыкалық колледждің студенті Аружан Мұхамеди үздік шабуылшы, ал агро-техникалық колледждің өкілі Диана Досқали үздік ойыншы атанды.

женский футбол результаты группы

женский футбол результаты

IMG_6715

МЕДИА

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)