“Банкирлер” “Тұрардың” тұзағына түсті

  • 830 рет оқылды

«В» лигасының 15-туры сенсациямен басталды. Осыған дейін жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген «Halyk» «Тұрардың» алдында тізе бүгіп, чемпиондықтың тағдырын бір турға қалдырды.

В лигасы 15 тур ойындар

Егер осы матчта «банкирлер» жеңіске жеткенде, тіпті тең ойнағанда онда «В» лигасының чемпионы осы турда-ақ белгілі болар еді. Алайда «Тұрардың» алдында қарсы тұра алмай, өздерінің әлсіздіктерін мойындауға мәжбүр болды. Негізі, ірі есептің де тіркелуі мүмкін еді, бірақ Елшат Тұрсыматовтың хет-тригі ғана «банкирлерді» ойсырай жеңілуден сақтап қалды. Енді «В» лигасында жеңімпаз келесі турда анықталуы тиіс. Жасыл алаңға басты үміткерлер «Halyk» пен «САН МҰНАЙ ГАС» шығады.

Тағы бір күтпеген нәтиже «Қаламгер» мен «Интер.kz» арасындағы ойында да тіркелді. Екінші айналымда жақсы қарқын алып, қарсыластарын қоғадай жапырып келе жатқан журналистердің командасына «Интер.kz» жігіттері тосқауыл қойды. Ал «Футбол федерациясы» еш кедергісіз «Тұлпарды» тізе бүктірсе, аутсайдерлер дербиінде «ПМ агро центр» «Динамоны» ойсырата ұтты.

IMG_5887

 

МЕДИА

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)