Федерация кубогының жеребесі тартылды

  • 946 рет оқылды

Бүгін Қызылорда облыстық футбол федерациясының кеңсесінде Федерация кубогының жеребе тарту рәсімі өтіп, командалардың алғашқы кезеңдегі қарсыластары анықталды.

Алдымен Федерацияның атқарушы директоры Ақмарал Төребаева сөз кезегін алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан кейін вице-президент, әрі турнирдің бас төрешісі Серік Жаппасбаев команда өкілдеріне жарыстың басты шарттарын түсіндіріп, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.

Ал одан кейін кезек жеребе тарту рәсіміне де жетіп, командалар соқыр жеребенің қорытындысы бойынша қарсыластарын анықтап жатты. Жарысқа қатысуға барлығы 22 команда өтініш білдірген екен, алдымен «ГерКуб» командасы бастап, жеребені «Достар» тәмамдады.

Естеріңізге сала кетейік, Федерация кубогы 26-27 қыркүйек күндері Қызылорданың «Локомотив» стадионында өтеді. Олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылатын турнирге тек Шағын футбол лигасында тіркелген ойыншылар ғана қатыса алады.

Турнирдің толық ойындар кестесі кейінірек жарияланады.

Ақмарал Төребаева, Қызылорда облыстық футбол федерациясының атқарушы директоры:

–           Өте тартысты ойындардың куәсі боламыз деп ойлаймын. Өйткені, өте қарымды командалар жиналған. Командалардың барлығына да жеңіс қалай отыра, көпшіліктің есінде қаларлықтай турнир болсын деп тілеймін! Жалпы, биыл Шағын футбол лигасы Қызылорда облысында зор қарқынмен дамуда. Тек қаладан ғана емес, ойыншылар облысымыздың әр аймағынан келіп қатысуда. Алдағы уақытта Лига тек қана дами беретін болады және бұл біздің көптеген жобаларымыздың бір бөлшегі. 

жеребе

жеребе кубка федерации

жеребе кубка федерации 2

IMG_9868

IMG_9866

IMG_9874

IMG_9879

IMG_9886

IMG_9884

МЕДИА

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)