Аутсайдерлер әлімжеттік көрді

  • 837 рет оқылды

IMG_4931

«В» лигасының 14-турында турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан командалар мен төменгі жағындағы командалар өзара кездесіп, фавориттер өз ойындарын жеңіспен аяқтады.

Алайда аутсайдерлерді ұту көшбасшылар үшін оңайға соққан жоқ. Біраз тер төгулеріне тура келді. Мәселен, «банкирлер» мен «Интер.kz Интернационал» кездесуінде жеңімпаз тек соңғы секундтарда ғана анықталды. «Қаламгер» мен «Динамо» матчында «журналистер» 6:0 есебімен жеңіп жатып, тізгінді бір сәтке уыстарынан шығарып алғаны сол еді, «Динамоның» жас тарландары жасындай жарқылдап, есепті теңестіріп кетті. Тек содан кейін ғана естерін жиған «Қаламгер» әупірімдеп матчты өз пайдаларына аяқтады. Таблода 3:0 есебі тіркелгеніне қарамастан «Футбол федерациясына» «ПМ Агро центр» жігіттерін жеңу оңай болған жоқ. Тек «САН МҰАЙ ГАС» бен «Тұрар» арасындағы текетірес қана бір жақты өтіп, «құрылысшылар» оңай жеңіске қол жеткізді.

14-тур турнир кестесіне еш өзгеріс енгізген жоқ. Шамасы, «банкирлер» алтынмен апталып, «құрылысшылар» күміспен күптелетін секілді. Ал үшінші орынның иесі әлі толық анық емес. «Футбол федерациясына» «Қаламгер» командасы бәсекелес болуы әбден мүмкін.

в лигасы 14 тур

IMG_4847

МЕДИА

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)