ТОР-10 жүзеге аспаған трансферлер

  • 1,143 рет оқылды

         Шағын футбол лигасының жазғы трансферлік кезеңінде небір ауыз толтырып айтарлықтай ауысымдар орын алды. Солардың ішінен біз үздік трансферлер тізімін жасадық. Ал бүгінгі шығарылымды ауысады деп жүріп, ауыспай қалған 10 ойыншыға арнап отырмыз.

10. Әмірайдар Жанәліұлы (Циркон — Интер.kz, Halyk)

IMG_9678

         Шыны керек, бірінші айналымды Әмірайдар Жанәліұлы өзі ойлағандай керемет өткізе алған жоқ. Рас, өте шебер қақпашы. Қысқы маусымда талай шабуылшыны сан соқтырған. Бірақ жазғы лига жақсы бастай алмады. Бірінші айналымнан кейін қақпасына 130-ға жуық гол жіберіп үлгерді. Содан «Циркон» жетекшілері де қақпашы ауыстыру жайлы ойлана бастады. Оның үстіне, «Интер.kz» командасынан Дәулет Мадалин оралғаннан кейін Әмірайдардың өзі де команда іздей бастады. Мадалин келген командаға кетуі мүмкін болды, басты қақпашысы «Зенитке» кетіп қалғаннан кейін «банкирлер» де осы Әмірайдарға көңілдері ауды. Бірақ қақпашы «Цирконда» қалып қойды. Жай ғана қалып қойған жоқ, негізгі қақпашы статусын сақтап қалды. Ал екінші айналымға Жанәліұлы шындап кіріскендей. Қазір оны өздерінде қалдырғандарына «Циркон» жетекшілері де қуанатын шығар.

9. Жомарт Садықов (М.Мәметова — Орленок)

IMG_8900

         Жомарт Садықовты құдайдың өзі сақтап қалды. Әйтпесе, қазір турнирді сырттан тамашалап отырар еді. Иә, ойыншы «Орленок» сапына ауыспақшы болған. Тек соңғы сәтте ғана райынан қайтып, «педагогтар» сапында қалып қойды. Бекер емес екен. Іші сезген ғой, «Орленоктың» банкротқа ұшырап, Лигадан шығып қалатынын.

8. Сұңғат Қанат (Орион — Seven)

IMG_9815

         Біраз ойыншысынан айрылғаннан кейін «Орион» өзге командалардың өрендеріне көз жүгірте бастады. Біріншілердің бірі болып назарға «Севенде» жүрген Сұңғат Қанат ілікті. Алайда футболшы өзін тәрбиелеп өсірген командада қалуды жөн көрді.

7. Жандос Оңалбеков (ГерКуб — СулМарт)

IMG_0250

         «С» лигасынан бірден «А» лигасына ауысу – Шағын футбол лигасындағы кез-келген футболшының арманы. Алайда, Жандос Оңалбеков «ГерКубты» тастап кеткісі келмеді. Бәлкім, команданы құрушылардың бірі өзі болғандығынан да шығар. Неде болса, Жандос «А» лигасына өтудің оңай жолын емес, ауыр жолын секілді.

6. Досхан Бексеитов (ПМ — Seven)

IMG_1507

         Достық қымбат па, әлде мансап па? Әлбетте, әркімнің пікірі әртүрлі болар, бірақ Досхан Бексеитов алғашқы вариантты таңдады. Қиын сәтте командасын тастап кеткісі келмеді. Әйтпесе, оған «Севен» нашар ұсыныс тастаған жоқ. «Негізгі қақпашымыз боласың» деді. Кім біледі, бәлкім «ПМ агроцентрдің» жағдайын жасаған соң Досхан келесі маусымда «Севеннің» ұсынысын қайта қарайтын шығар.

5. Музафар Шархитов (Кундуз — Zenit, Seven, Престол)

IMG_3246

         Анда барады деді, мында барады деді. Анда ауысады деді, мында ауысады деді. Әйтеуір, трансферлік терезе ашылғаннан жабылғанға дейін Музафар Шархитовтың екінші кезеңде қайда өнер көрсететіні белгісіз болып келді. Нәтижесінде, футболшы құда түскен командалардың ешқайсысына да бұйырған жоқ, «Кундузда» қалды.

4. Медет Қосжанов (Орион — Coca-Cola)

IMG_9583

         Не түлен түрткендерін қайдам, Шағын футбол лигасының жазғы маусымы жартысына жетпей жатып, «Орион» ойыншылары арасында өзара түсініспеушілік орнады. Нәтижесінде командадан Медет Қосжанов пен Дидар Сахиұлы кететін болып келісіп, Медет өзінің інісі өнер көрсетіп жатқан Coca-Cola командасына ауысатын болды. Бірақ ақыр соңында бұл екеуі емес, «Орионнан» өзге ойыншылар кетті.

3. Қасым Урымбаев (Престол — Coca-Cola)

IMG_1462

Дәл осындай жағдайды Қасым Урымбаев та кешті. Жаттығулардың бірінде әріптестерімен келіспей қалған шабуылшы «Престолдан» сүйеніш таппай, ақыры команда ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бірінші болып құда түскен – Coca-Cola. Дегенмен, ашуы тез-ақ тарқап, татуласып, «Престолда» қала беруді жөн санады.

2. Мұрат Қыдырбаев (КГЭК — Орион, Seven)

IMG_4498

         Шағын футбол лигасының алпауыттарының бірі «Азамат» командасының қақпасына покер тұрмақ, бір гол соғудың өзі қиямет. Ал Мұрат 4-тур аясында өткен ойында «Азамат» қақпасына төрт гол соқты. Содан не керек, ойыннан кейін бірден шабуылшыға «Орион» және «Seven» жетекшілері жетіп келіп, өз командаларына шақырып бәйек болды. Әлбетте, «Азамат» сияқты команданың қақпасына қақырата гол соға алатын сұрмергендер басты бәсекелестерінің барлығына керек қой. Басында Қыдырбаев «Орионға» ауысуға келісімін беріп те қойғандай болған. Ақыр соңында КГЭК-те қалуды жөн деп тапты.

  1. Дидар Сахиұлы (Орион — Seven)

IMG_6357

Талай жылын «Орионға» арнаған ойыншының өзге командаға ауысуы қызық болар ма еді. Басында Медет Қосжановпен бірге кеткісі келген Дидар Сахиұлын бүгінде «Севеннің» жейдесінде көретін едік. Бірақ өзі қалып, өзгелерді «кетірген» капитан бүгінде «Орионды» толығымен қайта жасақтап шығарды.

МЕДИА

top10 IMG_6357 IMG_4498 IMG_1462 IMG_9583 IMG_3246 IMG_1507 IMG_0250 IMG_9815 IMG_8900 IMG_9678

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)