“В” лигасы. “Аутсайдерлер” аңсаған күн

  • 803 рет оқылды

     13-тур аутсайдерлердің туры болды. Төрт ойынның үшеуінде қағаз жүзіндегі көшбасшылар жеңілістің кермек дәмін татып, «әлсіздерге» ұпай ұстатуға мәжбүр болды.

Жоғары тұрғандардан тек «Halyk» қана қарсыласынан басым түсті. Бірақ қарсыласы да соншалықты мықты емес еді. 12 ойында қақпасына жүзден астам гол жіберіп алған «Динамо» құрамы кіл жастардан құралған. Олар үшін ең бастысы тәжірибе және шеберлік жинақтау. Бұл командаға бағаны қазір емес, бір-екі жылдан кейін беретін боламыз. «ПМ агроцентр» ақыры көптен күткен жеңісіне қол жеткізді. «Тұлпарды» тұяқтан басқан Дінмұхамед Скендір бастаған серкелер тартысты өткен ойында Қанат Жанәбілов соққан екі голдың арқасында жеңісті жұлып алды. Дегенмен, бұл «ПМ» жігіттерінің осы маусымдағы небәрі екінші жеңістері және осы орыннан жоғары көтеріле қоюлары неғайбыл. «Интер.kz» пен «САНМҰНАЙГАС» арасындағы арпалыс та тартысты болды. Дегенмен, бірінші таймда тәп-тәуір ойнаған «құрылысшылар» екінші таймда естерінен адасып, жеңісті қолмен беріп қойды. Ал «Футбол федерациясы» «Қаламгердің» қарқынына төтеп бере алған жоқ. Осы жеңістің арқасында Cыр журналистерінің командасы турнир кестесінде 4-орынға көтерілді.

IMG_3922

в лигасы 13 тур ойындар

в лигасы 13 тур таблица

в лигасы 13 тур бомбардиры

IMG_4088

МЕДИА

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)