“В” лигасы. Үміткерлер саны екеу

  • 791 рет оқылды

«В» лигасында бас жүлдеден үмітті екі-ақ команда қалды. Рас, теориялық тұрғыда «Футбол федерациясы» да, тіпті «Тұрар» да чемпион атанудан әлі үміттерін жоғалтқан жоқ. Дегенмен, ат шаптырым жерге ұзап кеткен көшбасшыларды енді қуып жету мүмкін бола қоймас.

         12-турдың орталық ойынында «Halyk» пен «Футбол федерациясы» кездесті. Елшат Тұрсыматовқа сенім артқан «банкирлер» бірінші болып қақпаларына гол жіберіп алғанымен, көп ұзамай-ақ тізгінді біржола өз қолдарына алып, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді «банкирлердің» артынан қуған тек «САН МҰНАЙ ГАС» ғана қалды. Аталмыш командалар өзара 16-турда кездеседі. Бірақ «құрылысшылардың» да оларды тоқтата қоюы екіталай. Сондай-ақ, «Қаламгер» де қатарға қайта қосылды. Екінші айналымда әлі ұпай жоғалтпаған журналистер командасы 6-орынға көтерілді. Осы қарқындарын жоғалтпаса, үздік үштіктен көрініп қалулары да ғажап емес.

IMG_3022

с лигасы 12 тур ойындар

в лигасы 12 тур таблица

в лигасы 12 тур бомбардиры

IMG_3039

МЕДИА

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)