“Дельфиннің” алғашқы ұпайы

  • 1,004 рет оқылды

18-ші турда елең еткізер нәтижелер көп болды. Орталық ойында «букмекерлер» «Орданы» әзер жеңсе, «Достар» тағы бір сенсацияның авторы атануға шақ қалды. Ал аса тартысты өткен «М.Мәметова» мен «Арлан» арасындағы кездесуде тең есеп тіркелді. Дегенмен, бұл тур «Дельфин» командасының қоржынына алғашқы ұпайын салуымен есте қалатын шығар. 

«Дельфин» қазір бұрынғыдай емес, күшейген. Кез-келген командамен иық тірестіре алады. Енді баяғыдай ешкім де бұларды басына қоймас. Әйтпесе, «Мұнайшының» күйін кешулері әбден мүмкін. Олар да алғашында «қалпақпен қайырып аламыз» деп алаңға маңғазданып шыққан. Көп ұзамай-ақ тәубелеріне келді.

«Достар» командасына жеке тоқталып өткенді жөн көрдік. Қарсыластың атағы мен дәрежесіне қарамайтын қарымды команда. Рас, ойыншылары соншалықты шебер емес, асып бара жатқан ешқайсысы жоқ. Дегенмен, батырлық рух бар командада. Сонымен қатар, ынтымақтары жарасқан футболшылар. Бірінші айналымда ДВД КЗО командасын тоқтатқан. Одан кейін азуларын айға білеген «букмекерлерге» де лайықты қарсылас бола білді. Осы жолы да көшбасшылардың бірі – «Бірлікті» ұпайсыз қалдырулары мүмкін еді. Өкініштеріне қарай, соңғы сәтте қолда тұрған жеңістерін уыстарынан жіберіп алды.

IMG_2424

в лигасы 12 тур ойындар

с лигасы 18 тур таблица

с лигасы 12 тур бомбардиры

IMG_2531

МЕДИА

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)