“Азамат” ойыншысы алты айға жазаланды

  • 576 рет оқылды

         Бүгін Қызылорда облыстық футбол федерациясының кеңсесінде Шағын футбол лигасы Ұйымдастыру комитетінің отырысы өтіп, «А» лигасының 11-турында өте дөрекі ойнаған ойыншыларға байланысты мынадай шешімдер қабылданды.

         ҚОФФ Тәртіптік регламентінің 58-ші бабына сәйкес, матчтың ресми тұлғасы, яғни төрешіге күш қолданғаны үшін «Азамат» командасының ойыншысы Асқар Бекенов ҚОФФ аясындағы турнирлерден алты айға шеттетілді. Ойыншысының спортқа жат әрекеті үшін «Азамат» командасына ескерту берілді.

         ҚОФФ Тәртіптік регламентінің 58-ші бабына сәйкес, допқа ойнауға мүмкіндігі болмағанына қарамастан қарсыласына қарсы дөрекі ойнаған «Престол» командасының ойыншысы Дәулетхан Қожбан Шағын футбол лигасының алдағы үш ойынынан шеттетілді.

         ҚОФФ Тәртіптік регламентінің 58-ші бабына сәйкес, допқа ойнауға мүмкіндігі болмағанына қарамастан қарсыласына қарсы дөрекі ойнаған «Циркон» командасының ойыншысы Нұралы Абдухайыр Шағын футбол лигасының алдағы үш ойынынан шеттетілді.

         ҚОФФ Тәртіптік регламентінің 58-ші бабына сәйкес, допқа ойнауға мүмкіндігі болып, қарсыласына қарсы дөрекі ойнаған «Циркон» командасының ойыншысы Нұрлан Дүзеков Шағын футбол лигасының алдағы екі ойынынан шеттетілді.

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)