“В” лигасы. Аутсайдерлерден әл кетті

  • 688 рет оқылды

«В» лигасындағы 11-турдың орталық ойынында «Футбол федерациясын 2:1 есебімен ұтқан «САН МҰНАЙ ГАС» көш басындағы Halyk командасының артынан әлі ілесіп келеді. Ал көш соңындағы «ПМ агро центр» мен «Динамо» турнир кестесінің тұңғиығынан сол күйі шыға алмайтын сияқты.

         Өздерінде болған сан мүнкіндіктердің тек біреуін ғана «САН МҰНАЙ ГАС» қақпасына соған алған «Футбол федерациясы» өз қақпасына екі доп жіберіп алды. Енді Федерация жігіттері келесі ойынын Halyk командасына қарсы өткізеді. «Құрылысшыларға» жіберген есесін «банкирлерден» қайтара ала ма?

         Бірінші айналымда «Қаламгердің» күнің қараң еді, трансферлік терезені жақсы пайдаланған сияқты. Жаңа шабуылшы тапқан. Онысы бірінші турда-ақ хет-трикпен көзге түсіп, «ПМ агро центрге» қарсы ойында жеңісті әперді. Ойыны да өзгерген, ынтымақтары да артқан. Тек өкініштісі сол, «Қаламгер» атынан ештеңе қалмаған. Журналистер үшін құрылған команданың намысын өзге сала иелері қорғап жүр.

         Ал ПМ мен «Динамо» тек ұпай тарату үшін ғана қажет. Әйтпесе, шыны керек, бұлардан ешқандай да жігерліктің белгісі байқалар емес. Әлде, өткен маусымда көпшілікті таңғалдырғаны сонша, көз тиіп кетті ме екен? Олай болса, аластап жібергеннің артықтығы жоқ еді.

IMG_1257

в лигасы 11 тур ойындар

в лигасы 11 тур таблица

в лигасы 11 тур бомбардиры

IMG_1542

МЕДИА

IMG_1362 IMG_1542 IMG_1257 в лигасы 11 тур бомбардиры в лигасы 11 тур таблица в лигасы 11 тур ойындар

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)