“С” лигасы. Көшбасшы тағы да ұзап кетті

  • 822 рет оқылды

     Көшбасшыдан басқа командалардың барлығы орындарын ауыстырып шыққан «С» лигасында тур сайын өзгеріс. 11-турдан кейін көшбасшы ДВД КЗО мен екінші орындағы команданың арасын 5 ұпай бөліп тұр.

      «Ордаға» не көрінгенін қайдам, соңғы үш турда еншілеріне бір-ақ ұпай жазып, бірден үшінші орынға сырғып түсті. Енді бір сүрінсе оларды «Арлан» да оп-оңай артта қалдырып кете алады. Сондай-ақ, «Штурм» да соңғы ойындарын сәтсіз өткізіп, 6-орыннан бір-ақ шықты. Есесіне «ГерКуб», «Coca-Cola» сынды командалар ақырындап жоғары өрлеп келеді. Ал қасықтап жинаған ұпайларын шелектеп шашқан Zenit додаға енді қосылатын секілді. Трансферлік кезеңде сайдың тасындай ойыншылармен жасақталған «букмекерлер» бұл жолы қарымды «Достарды» тізе бүктірді. Сонымен қатар, «М.Мәметова» да жүлделі орындардан әлі де болса дәмелі секілді. Лигадағы аздаған үзіліс оларға оң әсерін тигізген тәрізді. Ойындары өзгерген, қарқындары артқан «педагогтар» 11-турда «Сейхун» саңлақтарын сан соқтырып кетті.

    Жалпы, ұпайды қолдан беретін, жеңісті сыйлай салатын командалар қазір өте аз. Қай командаға болмасын, қарсы тұру ешкімге де оңай болмайтыны анық.

IMG_1126

с лигасы 11 тур ойындар0

с лигасы 11 тур таблицы

с лигасы 11 тур бомбардиры0

IMG_0864

МЕДИА

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)