Шағын футбол лигасының ТОР-15 үздік трансфері

  • 1,310 рет оқылды

     Жазғы трансферлік терезе көптегшен командалар үшін қол болды. Құрамдарына білікті ойыншыларды шақырып, едәуір күшейіп алды. Керемет трансферлердің көп болғаны соншалық, ТОР ондықты, тіпті, 15-ке дейін созуға мәжбүр болдық. Ендеше, назарларыңызға жазғы трансферлік кезеңнің ең үздік 15 трансферін ұсынамыз.

15. Бағлан Әбдінағиев (Тұрар — СулМарт)

IMG_8616

Бағлан Әбдінағиев «СулМарт» командасының сапында қысқы маусымда да ойнаған. Ол кезде «СулМарт» «Атамұра» деп аталатын. Биыл өзі бас болып, «Тұрар» командасының негізін қалап, капитаны болды. Бірақ көп тұрақтаған жоқ. Алғашында «А» лигасының алпауыты «Азамат» қызықты. Бірақ ақыр соңында бұрынғы командасына қайта оралуды жөн көрді.

14. Алмат Маханов (Орион — Престол)

IMG_6425

Араларында қандай мысықтың жүгіріп өткенін қайдам Алмат Маханов «Орион» лидерлерімен келіспей қалып, команда ауыстыруды жөн көрді. Әу баста «Севенге» барады деген сыбыс шыққан. Кейін «Престол» командасында әрі ойыншы, әрі бапкер болатыны белгілі болды. Естуімізше, бұл трансфер Махановтың қалтасын бірақ қампитқан көрінеді.

13. Дархан Маханбетов (Орион — СулМарт)

IMG_6434

Жазғы трансферлік кезеңде «Орионнан» кеткен ойыншылар өте көп. Солардың бірі – Дархан Маханбетов. Дегенмен, Дархандыкі түсінікті. Өзі сол компанияда қызмет атқарады. Негізі, ол «СулМартқа» маусым басында-ақ баруы қажет болатын. Бірақ жарты маусым болса да «Орионға» көмектесуді жөн көрді.

12. Бауыржан Дүйсеков (СулМарт — ГерКуб)

IMG_1616

«А» лигасының командасынан «С» лигасына ауысатыны туралы естігенде елдің бәрі «Бауыржан жынданған ба?» деп бір-бірінен таңғалыса сұраған. Енді ше, 17 голмен «СулМарттың» үздік сұрмергені болып тұрған сұрмерген ғой. Кейін белгілі болды, «ГерКубте» ескі достары бар екен. Солардың өтініштерін жерге тастағысы келмей, «СулМарттағы» жылы орнын тастап кеткен көрінеді.

11. Азамат Байқадамов (Halyk — Zenit)

IMG_5325

«В» лигасын менсінбей, «банкирлер» сапында әзер жүрген Азамат Байқадамовты жазғы трансферлік кезеңде «А» лигасының бір командасына ауысатын шығар дегенбіз. Бірақ, Байқадамов жұртты таңғалдырып, «С» лигасындағы «Зениттен» бір-ақ шықты. Соған қарағанда «букмекерлер» оған бас тарта алмастай ұсыныс жасаған сияқты.

10. Әзіз Біләл (командасыз — Ай Дан Мұнай)

IMG_0297

«Ай Дан Мұнай» жазғы трансферлік терезеде құрамын барынша күшейтті. Дегенмен, арасындағы ең мықтысы Әзіз Біләл болса керек. Биыл ғана «Қайсар» футбол клубының дубльдік командасында ойнаған Біләл бабында болса, «мұнайшыларды» өрге сүйрейтіні анық.

9. Қуаныш Құлахметов (Ай Дан Мұнай — КГЭК)

IMG_9433

«Футбол федерациясына» ауысады деді, «Цирконға» барады деді, «Қаламгердің» қатарына қосылады деді, бірақ ақыр соңында Қуаныш Құлахметов КГЭК командасын таңдады. Техникасы мен шапшаңдығы қатар дамыған Құлахметов қай команданы болмасын, күшейте алады.

8. Ғалымжан Үмбетбаев (Ай Дан Мұнай — Zenit)

IMG_9907

«Ай Дан Мұнайдан» Ғалымжан Үмбетбаев та кетті. Негізі шабуылшы «букмекерлерден» ұсыныс түскенін, сол жаққа ауыспақшы екенін бұрыннан айтып жүретін. Қазір ол «С» лигасының жұлдызы.

7. Асқар Мұстафаев (Орион — Азамат)

IMG_6385

«Орионнан» «Азаматқа» ауысу бұл Қызылорда әуесқойларының түсінігінде «Барселонадан» «Реалға» ауысумен бірдей. Дегенмен, биыл екінші рет «ориондықтар» өздерінің көшбасшыларын басты қарсыластарының сапына жіберіп қойып отыр. Алдымен маусым басында Еркебұлан Батпанов кеткен еді, енді міне Мұстафаев та тағдырын «Азаматпен» байланыстыруды жөн көрді.

6. Ислам Жүнісбеков (командасыз — Кундуз)

IMG_1855

Талғат Сыздықов, Серік Досманбетов, Ислам Жүнісбеков триосы екінші кезеңде «А» лигасында атой салайын деп-ақ тұр. Олардың қатарына Еркін Тобашев, Мұзафар Шархитов, Айдос Байтенов, Әсет Мңліқожа, Медет Дүзбаев сынды дүлдүлдерді қосыңыз. Ең бастысы, жасыл алаңда бастары біріксе болды, бұларға қарсылас шақ келмейтіні анық.

5. Бекзат Құрманалиев (Halyk — Орион)

IMG_0323

«Орион» сапын жазғы трансферлік терезеде біраз мықты жігіттер толықтырды. Әсіресе, Байқоңыр қаласынан келген саңлақтар мықты. Бірақ Шағын футбол лигасында бұрын-соңды ойнап көрмеген олар «Орионға» сіңісіп кете ала ма? Мұны уақыт көрсетеді. Ал Бекзат Құрманалиев өз мықтылығын қалалық лигада былтыр-ақ дәлелдеп қойған футболшы.

4. Шоқан Абзалов (Halyk  — ЦОН)

IMG_0471

Halyk капитаны Елшат Тұрсыматов «банкирлер» сапынан қақпашы Ғалымжан Имранов пен Азамат Байқадамов кетіп қалғанда аса қайғырған жоқ. Бекзат Құрманалиев пен Медет Егібаевтің трансферлеріне де түсіністікпен қарады. Сұлтанхан Ысқақовты да ақжол тілеп, шығарып салды. Бірақ Шоқан Абзаловтан айрылу оған оңай тимеді. Әр матч сайын әдемі голдар соғып, джокеріне айналған Абзаловты соңғы сәтке дейін жібермей тұрды. Тек трансферлік терезе жабылатын күні ғана қарымды шабуылшысымен қимастықпен қоштасты.

3. Руслан Сариев (Орион — Zenit)

IMG_6389

ТОР-тың төріне Zenit жасаған трансферлер жайғасты. Бірнеше жылдан бері «Орионның» негізгі қақпашысы болып, көрермен көзайымына айналған Бартез енді «букмекерлерді» «С» лигасынан «В» лигасына шығару үшін бар күшін салатын болады.

2. Қанат Әлиев (командасы — Zenit)

image28827

Сау адамның санасына салсақ, кәсіпқой футболдағы карьерасын биыл ғана аяқтаған Қанат Әлиев «А» лигасындағы командалардың бірін таңдауы тиіс болатын. Бірақ бұрыннан командаларында жалақы алып үйреніп қалған ол қай лигада екеніне қарамастан ақшалы ұжымды таңдады. «С» лигасы оған қол болып па, алғашқы ойынында-ақ екі гол соғып үлгерді.

1. Әлихан Қалиев (Орион — Zenit)

IMG_9508

Мейлі, қазір ол бұрынғыдай жас емес деңіз. Мейлі, жылдамдығы мен физикасы да баяғыдай емес деңіз, бірақ жазғы трансферлік терезенің ең ірі трансфері осы. «Букмекерлер» сапында тек ойыншы болып қана емес, бапкер ретінде де барған Әлихан Қалиевтің арқасында Zenit «С» лигасының жүлдегерлері қатарынан да көрініп қалуы ғажап емес.

 top-15

Әлбетте, жазғы маусымда бұлардан басқа да жақсы трансферлер орын алды. Ерлан Шойтымов «Кундузга», Нұрдәулет Бөрібай «Тұрарға», Максим Максимов «Зенитке», Сұлтанхан Ысқақов «СулМартқа», Абзал Асқаров «Интер.кз»-ке, Кеңес Махамбетов ЦОН-ға ауысты. Сондықтан, қай трансфердің сәтті болғанын біз маусым соңында бір-ақ біле жатармыз.

МЕДИА

top151 top-15 IMG_9508 image28827 IMG_6389 IMG_0471 IMG_0323 IMG_1855 IMG_6385 IMG_9907 IMG_9433 IMG_0297 IMG_5325 IMG_1616 IMG_6434 IMG_6425 IMG_8616

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)