“А” лигасы. Алпауыттар жасыл алаңға қайта оралды

  • 784 рет оқылды

       «Азамат» адымдап алда келеді, «Орион» 2-орынға көтерілді, «Кундуз» күтпеген жерден «Цирконнан» ұтылды, ЦОН әлі де соңғы орында, ал «СулМарт» өзінің турнир кестесіндегі көршісі «Престолды» тізе бүктірді. Міне, «А» лигасының екінші кезеңіндегі алғашқы ойындардың қысқаша көрінісі осындай. Енді толығырақ…

         Әлбетте, дәл қазір кесіп-пішіп, ешнәрсе айта алмаймыз. Бәрінде командалардың өзара ойындары шешеді. Дегенмен, «Орион» қанша жерден ойқастағанымен алға шығып кеткен «Азамат» енді ешкімді оңайлықпен жеткізбейтін секілді. Трансферлік науқанды табысты өткізіп, қажетті ойыншыларды шақырып та алған, «тартып алған» олар турнир кестесінде өздерін ханзададай сезінуде. «Кундуз» таңғалдырды. Рас, трансферлік кезең кезінде бірқатар белді ойыншыларынан айрылды. Бірақ қанша жерден құрамы әлсірегенімен «Цирконнан» жеңілетіндей жағдайда емес сияқты еді. Аса тартысты өткен ойында қақпашы Әмірайдар Жанәліұлының керемет сейвтері арқасында Жүніс Әлиев жігіттері 6:4 есебімен жеңісті жұлып алды. «СулМарттың» құрамы күшейген, дайындықтары да жақсы. Қызылорданың Орталық стадионында күнара жаттығатын Абзал Ерімбетов жігіттері бұл жолы «Престолды» жеңді, келесі ойында «Цирконнан» емтихан қабылдамақ. Ал ЦОН әлі соңғы орында. Дегенмен, ойындарына ажар кірген. Дәл осы қарқынымен келесі турда КГЭК футболшыларын еш қиындықсыз жеңе алады. «Орион» ше? Қысқы маусымның чемпиондары турнир кестесінде ақырындап жоғары өрлеп келеді. Байқоңыр қаласының қайсар футболшыларымен «қаруланған» Дидар Сахиұлы командасы «Ай Дан Мұнайды» артық адым аттатпай жеңді. Дегенмен, күштерін келесі турға сақтап қалғаны да көрініп тұрды. Ал келесі турда олар «Seven» серкелерімен кездеспек.

IMG_0346

а лига 10 тур ойындар

а лига 10 тур таблицы

а лига 10 тур бомбардиры

IMG_0465

МЕДИА

а лига 10 тур ойындар а лига 10 тур бомбардиры а лига 10 тур таблицы IMG_0465 IMG_0346 IMG_0294

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)