“В” лигасы. “ПМ агро центр” қашанғы ұтыла бермек?

  • 755 рет оқылды

       Бір ай демалған «В» лигасының командалары жасыл алаңды сағынып-ақ қалған екен. Төрт ойында барлығы тұп-тура 40 гол соғылды.

         Құрамы біршама әлсіреген «Halyk» командасы әлі де қауқарлы екендіктерін дәлелдеуде. «ПМ агроцентрге» қарсы ойынның бірінші таймында біраз жүйкелерін жұқартқан «банкирлер» үзілістен кейін қарсыластарының мысын біржола басып тастады. Сондай-ақ, «САН МҰНАЙ ГАС» та «Тұлпар» командасын тұяқтан тартып, 10:5 есебімен жеңіске жетті. Ал Нұрхан Сансызбаев сынды саңлағына сенген «Футбол федерациясы» бұл жолы «Тұрардың» туын құлатты. Сондай-ақ, «Интер.kz» пен «Динамо» арасындағы ойында да ірі есеп тіркелді. Құрамын ғана емес, формасын да өзгерткен «интерліктер» турнирдегі орнын әзер сақтап қалған «Динамоны» 10:2 есебімен оңдырмай жеңді.

      Жалпы, «В» лигасында турнир кестесі төртке бөлініп тұр. Жүлделі орындарды көш басындағы үздік үштік сарапқа салатын секілді. Ал «ПМ агро центр» мен «Динамо» қанша тырысқандарымен ұпай таратушының рөлдерін ғана атқарып тұратын сияқты.

IMG_0009

в лига 10 тур ойындар

в лигасы 10 тур таблица

в лига 10 тур бомбардиры

IMG_0262

МЕДИА

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)