“С” лигасы. “Зенит” көшбасшыларды қуып жете ала ма?

  • 778 рет оқылды

      Бірінші кезеңге қарағанда «С» лигасының екінші жартысы қызықтырақ болатын секілді. Трансферлік науқанды сәтті өткізген турнир кестесінің екінші бөлігіндегі командалар фавориттерге азуларын аямай-ақ батыруда.

         Екінші кезең бастала салысымен турнир көшбасшысы ДВД КЗО басты бәсекелестерінен төрт ұпайға ұзап кетті. Дегенмен, жеңіс «тәртіп сақшыларына» оңайлықпен келген жоқ. Бірінші таймның қорытындысы бойынша «Арланнан» 0:3 есебімен жеңіліп жатып, тек соңғы минуттарда ғана жеңісті жұлып ала алды. Ал басты бәсекелестері «Орда» мен «Бірлік» өзара келісіп алғандай, қатар жеңілді. Алғашқылары «ГерКубтің» алдында тізе бүксе, екіншілері «педагогтардан» ұтылып қалды. Алайда бірінші турда барлық көрерменнің назары «Zenit» командасында болды. Құрамы кілең «сен тұр, мен атайын» деген ығай мен сығайлардан құралған «букмекерлер» «11-регион» жігіттерін 13:1 есебімен ойсырата жеңді. Рас, теориялық тұрғыда бұл команданың «С» лигасында жүлделі орындарға ілігуге, тіпті жеңімпаз атануға үміттері бар. Дегенмен, көшбасшыдан 33 ұпайға артта екенін ескеріп, «Zenit» ары кетсе қоланы қолқа қылады деп ойлаймыз.

IMG_9651

с лига 16 тур ойындар

с лигасы 16 тур таблица

IMG_0280

“Орленок” командасының Лигадан шығып қалуына байланысты “С” лигасының сұрмергендері қайта түзілу үстінде. 

МЕДИА

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)