Шағын футбол лигасының ТОП-10 харизматикалық көшбасшылары

  • 1,202 рет оқылды

     Шағын футбол лигасында 34 команда, 500-ден астам ойыншы бар. Әлбетте, әрқайсысы өз алдына жеке бір тұлға. Бәрі де қайсар жігіттер. Дегенмен, біз солардың арасынан өздерінің харизматикалық қабілеттерінің арқасында командаластарын ғана емес, өзге ойыншыларды де ырқына бағындыра білетін Шағын футбол лигасының ТОР-10 харизматикалық лидерлерін таңдап алып отырмыз.

10. Сұңғат Қанат (Севен)

IMG_9850

Жиырма жасар Сұңғат Қанатты былтырдан бері байқап келеміз. Өткен жылмен салыстырғанда шеберлігі едәуір артқан, көшбасшылық қабілетінің е күшейгенін айта кетуіміз керек. Рас, «Севен» футболшыларының ешқайсысы да оңай шағылар жаңғақ емес. Әрқайсысының өз адуын мінездері бар. Бәрі де өз алдына бір лидер. Бірақ, шыны керек, команданың көңіл-күйіне байланысты. Жеңіп жатқанда бәрі де батыр. Ал ойындары жүрмей жатқанда қайнап, қарсыластарын ғана емес, әріптестерін де танымай қалып жатады. Міне, сондай сәттерде командасын сабырға шақыратын осы Сұңғат Қанат.

9. Жалғас ҚАДЫРБЕРГЕН (Престол)

IMG_1432

«Престолдың» ойыны Мақсат Әбдікамаловқа емес, Ерлібек Төлегеновке емес, тіпті Қасым Орынбаевқа да емес, қақпашы Жалғас Қадырбергенге байланып тұр. Жалғастың қақпадағы жанкешті ойыны өз командасын алға сүйреп қана жүрген жоқ, өзге командаларды да састырып жүр.

8. Еркін ТОБАШЕВ (Кундуз)

IMG_7660

Рас, Еркін Тобашев Шағын футбол лигасындағы ең байсалды, тыныш ойыншылардың бірі. Алайда оның алаңдағы, алаң сыртындағы беделі өз «Кундуздың» әрдайым жоғары орындарда жүруіне ықпал етіп жатады.

7. Ермек БАЛМАҒАНБЕТ (КГЭК)

IMG_6131

Бір жылдың ішінде Ермек Балмағанбеттің шеберлігі ғана емес, көшбасшылық қасиеті де өскен. Қазір оның бір ғана көзбен атып қарағаны қай команданың ойыншысын болмасын састырып жібереді.

6. Артур НҰРЖАНОВ (ДВД КЗО)

IMG_6822

ДВД КЗО командасында бәрі де өз алдына бір лидер. Міне, солардың барлығына бас болып, капитандық міндетті абыроймен атқарып жүрген Артур Нұржановтың көшбасшылық қабілетін осылай-ақ байқауға болады. Кезінде мамандық таңдауда қателеспеген Артур Нұржановтың еңселі тұлғасының өзі «менің ғана сөзім жүреді» деп тұрғандай.

5. Досхан БЕКСЕИТОВ (ПМ агро центр)

IMG_8636

Команда шамасы жетпей, жеңіліп жатқанда жалаңаш жауға шабатын ойыншылардың бірі Досхан Бексеитов. Осы ойыншының харизмалық қасиетінің арқасында ПМ «В» лигасының бірінші айналымында қарсыластарына әжептеуір қарсылық көрсетіп жатты.

4. Дидар САХИҰЛЫ (Орион)

IMG_9662

«Орион» капитанының өзгелерден артықшылығы сол, алдағы болатын нәрсенің барлығын бес күн бұрын болжап, жай-жапсарды алдын-ала ойластырып отырады. Сондықтан шығар, Дидардың екі аттап, биге шығып кетіп жатқан кездері аз емес. Кез-келген тығырықтан еш қиындықсыз шыға білетін Сахиұлын осындай қабілеті үшін командаластары көшбасшы етіп сайлап қойған.

3. Нұрлан ДАЙРАБАЕВ (Азамат)

IMG_6559

Көшбасшы болу үшін қарсыластарыңа айқайлап, әріптестеріңе әңгіртаяқ орнату міндетті емес. Көшбасшы болу үшін міндетті түрде капитан болудың да қажеті жоқ. Харизма – бұл туа бітті қонатын қасиет. «Азаматтың» аламаны Нұрлан Дайрабаевқа қарап, түйгеніміз осы.

2. Еркін МЫХАНОВ (Орленок)

IMG_9853

Жас кезін көрген жоқпыз, бірақ қырықтан асқан шағында Еркін Мыхановтың қаншалықты харизматикалық лидерге айналғанын көріп отырмыз. Өзінің командасы «Орленокты» ғана алғап сүйреп жүрген жоқ, сондай-ақ «А» лигасындағы «Престолға» да жетекшілік етуде.

1. Әлихан ҚАЛИЕВ (Орион)

IMG_9510

Жас кезінде Әлихан Қалиев төңірегіндегі замандастарын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған деседі. Өз уағында «Қайсар» футбол клубының да көшбасшысы болған. Қазір де оның харизматикалық қабілеті көзге ұрып тұр. Көшбасшылық қасиетінің зор болғандығынан шығар, ешкімді өзіне артық сөйлетпейтін Әлиханға Шағын футбол лигасының екінші кезеңінде «Зенит» командасын өрге сүйреу міндеті жүктеліп тұр.

 images (2)

Міне, бүгінгі біздің «ТОП-10» ойыншыларымыз осылар. Бізбен бірге болыңыздар, таяуда назарларыңызға жасыл алаңда аулақ болу қажет Шағын футбол лигасының «ТОП-10» ойыншыны ұсынатын боламыз.

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)