“С” лигасы. Бірінші айналым аяқталды

  • 921 рет оқылды

    Он бес командадан тұратын «С» лигасының да бірінші айналымы мәресіне жетті. Ә дегеннен-ақ турнир тізгінін өз қолдарына мықтап ұстаған ДВД КЗО командасы бірді-екілі сәтсіздіктерге қарамастан алғашқы айналымды өз еншілеріне жазды.

Өкінішке қарай, Лиганың бірінші жартысы даумен бітті. Эмоцияларын ұстап тұра алмаған ойыншылар мен жанкүйерлер жаға жыртысып, жаппай төбелесіп, соңы жедел жәрдем шақырумен аяқталды. Енді осы жағдайға байланысты бейсенбі, яғни тамыздың 6-сы күні Шағын футбол лигасы Ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өтіп, осы даудың себепшілері «Орленок» және «Zenit» командаларына байланысты шара қолданылады.

Жалпы, бірінші айналымнан кейін «С» лигасындағы командалардың әлеуеттері белгілі болып қалды. Егер кенет жағдай өзгеріп кетпесе, бас жүлдеге ДВД КЗО, «Орда» және «Бірлік» командалары таласатын сияқты. «Орда» осы айналымды 1-орынмен аяқтауы әбден мүмкін еді, бірақ 15-турда Coca-Cola футболшыларымен тең түсіп қалды. Айтпақшы, «Кола» командасының ойыншысы Әміржан Қосжановтың 50 голмен сұрмергендер тізімін бастап келе жатқанын да айта кетуіміз керек. 14 ойында 50 гол. Жаман нәтиже емес. Енді екінші айналымда голдарының санын жүзге жеткізе ала ма? Қосжанов үшін басты стимулдардың бірі сол болмақ.

«Дельфиннің» турнир кестесіндегі жағдайы қызық. Соңғы орында келеді. Осы аралықта қақпасына 212 гол жіберіп үлгерді. Бұл масқаралықты, бәлкім, жаңа ойыншылары тоқтататын шығар деп үміттенеміз. Алда әлі екінші айналым бар. Тағы осынша ойын. Демек, барлық қызық әлі алда.

IMG_9594

с лига 14 тур, ойындар

с лига 15 тур, ойындар

с лига 15 тур, таблица

с лига 15 тур, бомбардиры

IMG_0225

МЕДИА

с лига 15 тур, бомбардиры с лига 15 тур, таблица с лига 15 тур, ойындар с лига 14 тур, ойындар IMG_0225 IMG_9711 IMG_9594

1 пікір

    • Серик

      04.08.2015

      ищу команду. мне 25 лет. Играл профессионально в большой футбол. Играл в алматинской ллф. Удар с обеих ног, скорость. 8-747-450-30-18

      Reply

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)