“С” лигасы. “Бірлік” бірінші орынға көтерілу мүмкіндігін жіберіп алды

  • 926 рет оқылды

     «А» мен «В» лигасының командалары демалысқа шығып, Шағын футбол лигасында тек «С» дивизионы қалды. №101 орта мектептің «ҚазГерМұнай» алаңында «С» лигасының 10-11 тур ойындары өтіп, турнир кестесінде біраз мәселенің бетін ашып берді.

      Турнир кестесіндегі лидерлердің өзара текетіресінен кейін көш басына «Бірлік» командасы шығып кетуі мүмкін дегендер көп болған. Оған себеп те жоқ емес еді. Мұның алдындағы турда күтпеген жерден «Арланға» ұпай беріп қойған «сақшылардың» бұл матчқа қандай көңіл-күйде келері белгісіз болды. Бірақ бас бапкері Кенжетай Жұмахметов шәкірттерін ойынға тыңғылықты дайындай біліпті. Қорғаныста сауатты, шабуылда өткір ойнаған ДВД КЗО турнир кестесіндегі басты бәсекелесін 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша «Бірлік» көш бастау былай тұрсын екінші орыннан да түсіп қалып, 3-орыннан бір-ақ шықты. Екінші орынға «Орда» жігіттері көтерілді. Жалпы, бір ғана ойында жеңіліп қалғаны болмаса «Орда» командасы өздерінің оңай шағылар жаңғақ емес екендіктерін әр ойын сайын дәлелдеп, ақырындап турнир кестесінде жоғары өрлеп келеді. Сондай-ақ, «Арлан» мен «Штурм» да көшбасшылар қатарынан мықтап орын алды. Міне, алдағы уақытта басты тартыстар осы командалар арасында өрбуі әбден мүмкін.

    Ал Coca-Cola, «Сейхун» мен «Мұнайшы» сынды  командалар жанкүйерлерін әр тур сайын жабырқатуда. Соңғы екі ойында да жеңілген бұлар турнир кестесіндегі жағдайларын едәуір қиындатып алды. Сонымен қатар, бір ойында қақпасына 25 доп жіберіп алған «Дельфин» Шағын футбол лигасының антирекордын жаңартты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қақпасына бір матчта ең көп гол жіберген «А» лигасының «Циркон» командасы (23 гол) болатын.

    Енді «С» лигасының 12-13 тур ойындары осы аптаның сенбісі мен жексенбісінде №101 орта мектептің «ҚазГерМұнай» алаңында өтеді.

IMG_8892

с лигасы 10 тур ойындар

с лигасы 11 тур ойындар

с лигасы 11 тур таблица

с лигасы 11 тур бомбардиры

IMG_8850

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)