Өз деңгейінен төмен ойнап жүрген “А” лигасының ТОП-10 ойыншысы

  • 1,176 рет оқылды

      «А» лигасы. Неге екенін, кейбір ойыншылар бізге қазіргіге қарағанда қысқы маусымда жақсырақ ойнаған секілді көрініп жатады. Күмәніміз жоқ, осы ТОП ондыққа енгендердің барлығы да шебер ойыншылар. Алайда залдан далаға ауысқанға ма, әлде, команда алмастырғанға ма, біраз футболшылар өз әлеуетінен төмен деңгейде ойнап жатқан сияқты. Осы орайда біз жазғы маусымда өз әлеуетінен төмен деңгейде ойнап жатқан «А» лигасының «Топ-10» ойыншысының рейтингін жасаған едік.

10. Нұрғиса Құдайбергенов (Севен)

IMG_6100

 Өте жылдам, әрі ширақ, қорғаныста да, шабуылда да жақсы ойнайтын Нұрғиса Құдайбергенов жазғы маусымда жасыл алаңнан гөрі қосалқы құрамда көбірек қалып қойып жүр.

9. Уәлихан Қазбек (ЦОН)

IMG_1447

 Рас, жазғы маусымда ЦОН командасын өрге сүйреп жүрген аз ғана ойыншылардың бірі осы – Уәлихан Қазбек. Дегенмен, қыстағы Уәлиханның жеңіске деген жігерлігі мол секілді көрінетіні жасырын емес.

8. Ерлібек Төлегенов (Престол)

IMG_9871

 Естеріңізде ме, қысқы маусымда Лиганың алғашқы пента-тригін жасаған осы Ерлібек Төлегенов еді ғой. Шағын футбол лигасының алғашқы маусымында алған ауыр жарақаттан кейін Төлегенов қысқы маусымда бар өнерін ортаға салды. Өкінішке қарай, жазғы маусымда дәл солай жарқылдай алмай жүр. Голдарының саны да соншалықты көп емес. Тоғыз ойында 6 гол.

7. Руслан Тобашев (Азамат)

IMG_9081

 Руслан Тобашевті өз деңгейінен төмен ойнап жатыр деп айта алмайсыз. Әр матчта жанын салып, жасындай жарқылдап жүреді. Дегенмен, соңғы кездері командаласы Еркебұлан Батпанов жайлы көбірек айтылып кеткенге ме, Руслан аздап әріптесінің көлеңкесінде қалып қойғандай болып жатады.

6. Медет Қосжанов (Орион)

IMG_9506

 Қысқы маусымда Медет Қосжанов Лиганың үздік сұрмергені және үздік шабуылшысы атанып қоймай, үздік ойыншы атағын жеңіп алған. Ал дәл қазір жазғы маусымның бірінші жартысының қорытындысы бойынша Медет Қосжановқа әлгі атақтарды берер ме едіңіз? Әй, қайдам…

 5. Қуаныш Құлахметов (Ай Дан Мұнай)

IMG_9434

 Біреулер «Ай Дан Мұнайды» сүйреп жүрген жалғыз футболшы болса, ол – Қуаныш Құлахметов» деген пікірді айтады. Кейбіреуі «Куаня қысқы маусымдағыдай емес» деген аргументтерді де келтіріп жатыр. Неде болса, команда ауыстыруды жөн көрген Құлахметов екінші айналымда алаңға жаңа серпінмен оралады деген үміттеміз.

4. Әлібек Орынбасаров (КГЭК)

IMG_4794

 Шағын футбол лигасының жазғы маусымында бір матчта 20-30 голға дейін соғылып жүр. Ал КГЭК шабуылшысы Әлібек Орынбасаров ше? Тоғыз турда 4 гол соққан. Әлбетте, шабуылшы үшін көңіл көншітерлік көрсеткіш емес. Рас, қысқы маусымда да Орынбасаров асқан мергендігімен көзге түскен жоқ (7 гол). Дегенмен, ол кезде коледж командасының шабуылшысы белсендірек болатын.

3. Рүстембек Әбдрахманов (Кундуз)

IMG_8883

 Үшінші орында «мұнайшылардың» қорғаушысы – Рүстембек Әбдрахманов. 2014 жылдың соңында Қызылорда қаласының құрамасына еніп, Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатына қатысып қайтқан Әбдрахманов биыл «Кундуз» сапында мықтылығымен көзге түсе алар емес. Бәлкім, команда ауыстырса былтырғы айбарлы қалпына қайта енетін шығар.

2. Әмірайдар Жанәліұлы (Циркон)

IMG_9684

 Қысқы маусымда «Талсуат» сапында талай пенальтиді қайтарған Әмірайдар Жанайдарұлы жазғы маусымда аса көсіле алар емес. Оның командасы «Циркон» қақпасына тоғыз ойында 110 доп жіберіп үлгерді. Кім біледі, екінші айналымда қақпашы баяғы бабын қайта табатын шығар…

  1. Филип Якуб Мажец (СулМарт)

IMG_7787

Қысқы маусымның трансферлік кезеңінде «СулМарт» сапын толықтырып, көрермен көзайымына айналған польшалық легионер Филип Якуб Мажец жазғы маусымда бабында емес секілді. Бас кезінде бірді-екілі алаңға шығып жүрген еді, кейінгі кездері бұл ойыншыны мүлдем көрмей кеттік.

top10

     Әлбетте, мұндай рейтингтер ешнәрсе шешпейді және біз ешбір футболшының шеберлігіне күмән келтірмейміз. Сондықтан, екінші айналымда командалардан және ойыншылардан тек тартысты да, қызықты ойындар күтеміз.

МЕДИА

happy-new-year-confetti top10 IMG_7787 IMG_9684 IMG_8883 IMG_4794 IMG_9434 IMG_9506 IMG_9081 IMG_9871 IMG_1447 IMG_6100

1 пікір

    • Ерсункар

      21.07.2015

      Уали нормально играет! это мы постоянно лажаем! Думаю ко 2-му кругу игру исправим! Удачи всем участниками лиги “А”!!!

      Reply

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)