“А” лигасы. Бес ойында 81 гол

  • 728 рет оқылды

    «А» лигасының 8-туры голға өте бай болды. Бес ойында барлығы 81 гол соғылды. Ал турнир кестесінде көп өзгеріс жоқ. Көшбасшылар сол қалпы.

         Ең тартысты ойын «Престол» мен Seven арасында өрбіді. Кездесудің бірінші жартысында қанша шабуылдағандарымен таблода есеп ашылмай, тек екінші таймда ғана ойынға өзгеріс ене бастады. Тыныш өрбіп жатқан матчты бұзған – Қасым Урымбаев. Одан кейін Дінмұхамед Асылбекұлы есепті еселеп, Seven қақпашысы Юрий Ким алаңнан қуылды. Нәтижесінде Seven Лигада қатарынан үшінші рет жеңілістің кермек дәмін татып, турнир кестесінде 4-орынға түсіп қалды.

IMG_9456

         Ал қалған ойындардың барлығында ірі есептер тіркелді. Рас, «Азамат» пен «СулМарт» кездесуінде үзіліске дейін тартысты текетірестің куәсі болғанбыз. Бірақ екінші таймда билікті толығымен өз қолдарына алған Аман Жанахметов шәкірттері Абзал Ерімбетов жігіттеріне ешқандай еркіндік бермеді. Сондай-ақ, «Ай Дан Мұнай» – КГЭК кездесуі де тартысты басталғанымен үзілістен кейін «мұнайшылардың» жүйкелері жұқарып, колледж командасына жеңісті өз қолдарымен ұстата салды. Ал «Орион» ақырындап болса да турнир кестесінде жоғары көтеріліп келеді. Кезекті жеңістен кейін Дидар Сахиұлы бастаған жігіттер үздік үштіктен бір-ақ шықты. Дегенмен, екінші орындағы «Кундузға» жету оңай болмас. «Мұнайшылардың» қарқыны тіптен қатты. Соңғы турда олар ЦОН қақпасына жауапсыз 17 гол соқты.

IMG_9705

а лигасы 8 тур бомбардиры

а лигасы 8 тур таблица

а лигасы 8 тур ойындар

IMG_9928

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)