“В” лигасының кейінге шегерілген бірінші туры өтті

  • 720 рет оқылды

     Жұма күні кешкісін «В» лигасының кейінге шегерілген бірінші тур ойындары өтті. Дегенмен екі команда бәсекелестерінен сәл де болса ұзап кетті демесеңіз, турнир кестесінде аса үлкен өзгеріс орын ала қойған жоқ.

     Halyk пен САНМҰНАЙГАС әдеттегідей қарсыластарын бұл жолы да еш қиындықсыз тізе бүктірді. «Мұнайшылар» 7:3 есебімен «Тұлпар» командасын ойсырата ұтса, «банкирлер» бір қақпамен өткен ойында 8:2 нәтижесімен «ПМ Агро центр» жігіттерін жасытты.

IMG_5379

    Турнирдің ең жас командасы «Динамоға» обал. Рас, өткен екі ойынмен салыстырғанда осы жолы Нұрсұлтан Меңғали бастаған сайыпқырандар қақпаларына небәрі төрт-ақ гол жіберді. Әйтседе, қатарынан үшінші жеңіліс «динамолықтарды» жағдайын қиындатып жіберді. Ал ең тартысты матч «Футбол федерациясы» мен «Тұрар» арасында өтті. Осының алдында ғана ұлды болып, әке атанған Нұрхан Сансызбаевтың покерінің арқасында ойынды 6:5 есебімен аяқтаған «Федерация» футболшылары турнир кестесіндегі жағдайларын біршама жақсартып алды.

    Енді «В» лигасының 4-туры жексенбі, яғни 7 маусым күні таңертең ойындар кестесіне сәйкес өтеді.

IMG_5403в лигасы 1 тур ойындар казв лигасы 1 тур таблица казв лигасы 1 тур бомбардиры казIMG_5438

1 пікір

    • Ибраев Кайрат

      07.06.2015

      Мини футбол лигасындагы айелдин орнына сау адам коюга болама? Канша еркек жургенде орыстын мигула катынын койган уят екен. Жумысын жонди аткармайды. Бир команданы щитка кимесе ойыншыларын ойнатпай, ал екинши команданы гедрысыз ойнатып жатыр. Оны калай тусинуге болады сонда???

      Reply

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)