“А” лигасында әлсіз жоқ

  • 923 рет оқылды

     «Алыптардың айқасы», «Феррари мен Субарудың жарысы», «Тайсон мен Холифилдтің төбелесі»… тағы қандай теңеулер білесіз? Ендеше солардың қатарына «А» лигасының 3-турының аясында өткен «Құндыз» бен «Орионның» ойынын да қосып қойыңыз. Жан алысып, жан беріскен текетірес көрермендерді керемет әсерге бөлеп, 8:8 есебімен тең аяқталды.

     Рас, турнир енді ғана басталды, командалар небәрі екі кездесуден ғана өткізді, алда әлі талай матч бар. Сондықтан, дәл қазір турнир кестесіне аса қатты мән берудің қажеті жоқ шығар. Лига аяқталамын дегенше қай-қайсысы болмасын, турнир кестесінде мың көтеріліп, мың түсері анық. Ал әзірге көшбасшылық тізгінді «Азамат», «Севен» және «Сулмарт» командасы ұстаған. «Азаматтың» чемпиондық амбициясы бәріне аян. Аман Жанахметов бастаған жігіттер қысқы маусымда екінші орыннан көрініп, оны сәтсіздікке балаған. Құрамы біршама әлсірегенімен үшінші маусымға тыңғылықты дайындалған сияқты. Екі матчын да ірі есеппен жеңді. Бірінші ойында сенсация жасаған «Севен» екіншісінде де көпшілікті таңғалдыра жаздады. Бұл жолы Лига аутсайдері «Цирконмен» кездесіп, алғашқы минуттарда-ақ қақпаларына үш доп жіберіп алды. Тек соңғы сәтте ғана белдерін бекем буып, жеңісті жұлып алды. Жалпы, «Цирконға» трансферлік терезе ашылысымен құрамын күшейту қажет секілді. Футболшылары тым аз, бес ойыншымен 15 футболшыға қарсы шығуларын жалғастыра берсе, әр ойында қақпаларына кем дегенде 10-15 голдан жіберіп тұратын шығар.

IMG_4801

      Ал қысқы маусымда көш соңында болған «Сулмарт» сол олқылықтан сабақ алған секілді. Қатарынан екінші ойында жеңіске жетті. Бірақ шыны керек, Абзал Ерімбетов команданысың нағыз қарымын әлі көрген жоқпыз. Олар әлі «Азамат», «Құндыз», «Орион», «Престол» сынды командалардың алдында емтихан тапсырған жоқ. «Престол» демекші, Мақсат Әбдікамалов бастаған жігіттер КГЭК командасын 14:7 есебімен тізе бүктірді. Ал 3-турдың орталық кездесуі «Орион» мен «Құндыз» арасында өтіп, бір жағы Жарқын Жоламановтың, екінші жағы Талғат Сыздықовтың таңдай қақтырар ойынының арқасында тартысқа толы матч 8:8 есебімен аяқталды.

IMG_4880 а лигасы 3 тур ойындар

а лигасы 3 тур таблица

а лигасы 3 тур бомбардиры

2 пікір

    • Сункар

      03.06.2015

      ақпарат дұрыс емес! ЦОН бірінші ойында КГЭК-пен 5-5 болған. тең ойнаған.

      Reply

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)