Сегізбаев турнирі балғын футболшылардың болашағына серпін бере ала ма?

  • 682 рет оқылды

     2009 жылдан бері Қызылордада Сегізбаевтың жүлдесі үшін жыл сайын балалар турнирі ұйымдастырылып келеді. Биыл жетінші рет байрағын желбіреткен дүбірлі додаға облысымыздың әр ауданынан барлығы сегіз команда қатысып, «Локомотив» стадионында өзара үздіктерді анықтады.

     Талай кітапқа арқау болған қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаев 1941 жылдың 1941 жылдың 12 мамырында Семей қаласында дүниеге келген. Бірақ футболшы ретіндегі бар ғұмырын Алматының «Қайратында» өткізген. КСРО чемпионатында 10 жылдан астам доп теуіп, 212 рет жасыл алаңға шыққан. Алты жыл қатарынан командасының капитаны болды. Алайда аяғындағы ауыр жарақат маза бермей, кәсіпқой деңгейде доп тебуді ерте, бар болғаны 29 жасында аяқтауға мәжбүрленді.

IMG_3566

     1971 жылы Қызылорданың «Автомобилист» клубының тізгінін қолына ұстағанда Тимур Санжарұлы небәрі 30 жастағы жас маман болатын. Жаттықтырушылық тәжірибесі жоқ, кеше ғана футболшылық ғұмырын аяқтаған. Жаттықтырушылық тәжірибесі жоқ, кеше ғана футболшылық ғұмырын аяқтаған. Әлбетте, Сыр футболсүйер қауымы Сегізбаевтың біліктілігіне сенімсіздікпен қарады. Бірақ сол кездегі жас маман жанкүйерлерді жасытқан жоқ. Сыр командасы КСРО біріншілігінде жоғары орындардан көрінді. Кейін Қарағандының «Шахтеріне», Алматының «Қайратына» ауысты. Тіпті, сонау Йемен ұлттық құрамасын да жаттықтырып қайтты. Барған жағында сыйлы болатын. Барша қазақтың жас футболшысына үлгі болған аңыз тұлғасын Сыр елі де ұмытқан жоқ. 2009 жылдан бері жыл сайын облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ, Қызылорда облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін балалар арасында халықаралық турнир ұйымдастырып келеді.

IMG_3608

    Өкінішке қарай, биыл Тимур Санжарұлы денсаулығының сыр беруіне байланысты турнирге келе алған жоқ. Оның сәлемдемесін облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Көшербаев жеткізді. Доданың ұйымдастырылу барысын толығымен өз бақылауында ұстап, жоғары дәрежеде өтуіне бірден бір себепкер болып жүрген Болат Елеуұлы балаларға қарап бүй деп тілегін жеткізді:

– Тимур Санжарұлы, өкінішке қарай, денсаулығына байланысты биыл Қызылордаға келе алмады. Бірақ барлығыңызға сәлем айтып жіберді. Жалпы, осындай турнирлер арқылы Қазақстан футболының болашақ жұлдыздары өсіп шығады. Ал Сыр өңірінде футболды дамытуға байланысты шаралар соңғы кезде жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Биыл 3 мың орындық футбол манежі бой көтереді. Сонымен қатар, облыс бойынша 13 спорт мектебінде футбол бөлімдері бар. Өңірде 30 мыңға жуық адам футболмен айналысады.

11329968_1134294906596728_5616027692914839368_n

    Сонымен, 2003-2004 жеткіншектер арасында сегіз команда сынға түскен бәсекеде Қызылорда қаласының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қарсылас шақ келтірген жоқ. Додаға екі команда қосқан. Соның бірі финалда ойнап, Жаңақорған ауданының жеткіншектерін 2:1 есебімен тізе бүктірді. Үшінші орын аталмыш спорт мектебінің екінші командасын 3:1 есебімен ұтқан Қазалы ауданына бұйырды.

    Сондай-ақ, жекелеген номинациялардың да иегерлері анықталып, Орталық стадионда «Қайсар» – «Шахтер» матчының үзілісі кезінде өткен ойында марапатталды.

      Әлбетте, балғын футболшылар үшін Сегізбаев турнирінің орны бөлек. Иә, Сыр елінде футболдан балалар бәсекесі өте көп. Бірақ, асыға күтетіні осы турнир. Әрдайым жоғары деңгейде ұйымдастырылатын бұл додада “Қайсар” футбол орталығының жаттықтырушылары да әр ойынды жіті бақылап, көзге түскен ойыншыларды қағаздарына түртіп алып жатады. Сондықтан шығар, болашақта “Қайсар” футбол клубының намысын қорғауды армандайтын жеткіншектер жасыл алаңда барынша көсіліп жатады. Осылайша бұл турнир көптеген балғын футболшылардың болашағына бағдар көрсетіп, ойындарына серпін беріп жатады.

11330007_1134294329930119_7718636377101496588_n

Т.С. СЕГІЗБАЕВ ТУРНИРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

сегизбаев турнирі а

сегизбаев турнирі в

 сегизбаев турнирі финал

сегизбаев турнирі номинанты

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)