Тимур Сегізбаев турнирінің үздіктері анықталды

  • 737 рет оқылды

Қызылорда қаласында КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтіп, бас жүлдені жергілікті №6 ОБЖФСМ командасы жеңіп алды.

Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе облысы, Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 10 команда 160 спортшы қатысты. Турнирдің марапаттау рәсімі Премьер-лиганың 13-туры аясында өткен «Қайсар» – «Астана» кездесуінің қарсаңында ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, қазақ футболының аңыз тұлғасы Тимур Сегізбаев, даңқты балуанымыз Дәулет Тұрлыханов, Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Аллен Чайжунусов және Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман марапаттады.

Турнир нәтижесінде Қызылорда облысының №6 балалар мен жасөспірімдер футбол спорт мектебінің оқушылары көш бастаса, екінші орынды «Қайсар» футбол клубының дайындық тобы, үшінші орынды Қазалы ауданының командасы иеленді. Сондай-ақ, Арал ауданының құрамасы да өте жақсы өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті.

 IMG_6934

Тимур Сегізбаев турнирі:

Бірінші күн.

Ақтөбе – Жаңақорған – 1:9

Сырдария – №6 ОБЖФСМ – 2:2

Жалағаш – Қазалы – 2:2

Арал – Байқоңыр – 3:3

Қайсар-2001 – Жаңақорған – 5:2

Сырдария – Қайсар-2000 – 6:1

Екінші күн.

Арал – Жалағаш – 2:0

Байқоңыр – Қазалы – 0:4

Қайсар-2001 – Ақтөбе – 5:2

№6 ОБЖФСМ – Қайсар-2000 – 9:0

Жалағаш – Байқоңыр – 3:3

Қазалы – Арал – 3:3

Жартылай финал

Қайсар-2001 – Арал 4:1

№6 ОБЖФСМ – Қазалы 2:1

Үшінші орын үшін:

Қазалы – Арал 4:0

Финал:

Қайсар-2001 – №6 ОБЖФСМ 0:4

Турнир үздіктері:

Үздік қақпашы – Қанатбай Нұрым (Қазалы)

Үздік қорғаушы – Сахитжан Нақышев (Арал)

Үздік жартылай қорғаушы – Руслан Махан (Қайсар-2001)

Үздік шабуылшы – Нұрсәт Сайлаубаев (Ақтөбе)

Үздік ойыншы – Сәбит Шегебай (№6 ОБЖФСМ)

Үздік төреші – Тимур Айтбай (Қызылорда қаласы)

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)