“Кока-Кола – Былғары доп”. Балдырғандар қай мықтыны Қазалыда анықтауда

  • 645 рет оқылды

Бүгін Қызылорданың Қазалы ауданында «Кока-Кола – Былғары доп» додасының кіші жас топтары арасындағы облыстық финалы басталды. 2003-2004 жылғы жеткіншектер арасында ұйымдастырылып жатқан бұл турнирге барлығы сегіз команда қатысуда.

Қызылорда облыстық футбол федерациясы мұрындық болған турнирде Қызылорда қаласы және облыстың жеті ауданы өз өнерлерін көрстуде. «А» тобына Қазалы, Қызылорда, Қармақшы және Жалағаш командалары орналасса, «В» тобында бақтарын Жаңақорған, Сырдария, Шиелі және Арал аудандары сынамақ. Бүгін турнирдің ашылу салтанаты өтті. Финалдық ойын күні 24 мамырға жоспарланған.

Айта кетейік, осы жас аралығындағы облыс жеңімпазы маусымның 10-ы мен 18-і аралығында Семейде өтетін «Кока-Кола – Былғары доп» додасының Республикалық финалдық кезеңінде өнер көрсетеді.

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)