Біздің викторина!

  • 378 рет оқылды

Бүгіннен бастап әр дүйсенбі сайын Қызылорда облыстық футбол федерациясы футболсүйер қауымға арнап, викториналық байқау ұйымдастырады. Назарларыңызға тоғыз тесттік-сұрақ және бір болжам-сұрақты ұсынып отырмыз. Дұрыс жауаптарын бірінші болып тапқан үш жанкүйерге арнайы кәдесыйлықтарымыз бар.

 

Викториналық байқауымызға кез-келген жанкүйер қатыса алады. Жас мөлшеріне шектеу жоқ. Өз нұсқаларыңызды белгілеп, kzff@mail.ru электрондық адресіне жолдаңыз. Жауаппен бірге төлқұжатыңыздың көшірмесін және телефон нөміріңізді көрсетулеріңізді сұраймыз.

 

Викторинаға қатысып, өзіңнің аймақтық футболды қаншалыңды жетік білетініңді тексеріп көр!

Викториналық байқау

1. Қызылорда облыстық футбол федерациясының ең алғашқы президенті кім болған?

А) Тимур Қасымов

Ә) Әбіл Қалымбетов

Б) Нұрлан Ұранхаев

В) Садық Мұстафаев

 

2. Әбіл Арынұлы Қалымбетовтың құжат бойынша туған күні?

А) 6 желтоқсан 1948 ж.

Ә) 5 желтоқсан 1949 ж.

Б) 6 желтоқсан 1949 ж.

В) 25 желтоқсан 1949 ж.

 

3. Қызылорданың шеберлер командасы КСРО біріншілігіне ең алғаш қай жылы қатысты?

А) 1992 ж.

Ә) 1966 ж.

Б) 1969 ж.

В) 1968 ж.

 

4) Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадион қай жылы, қай күні пайдалануға берілді?

А) 1968 жылдың 22 наурызы

Ә) 1968 жылдың 1 қыркүйегі

Б) 1969 жылдың 1 қаңтары

В) 1969 жылдың 29 тамызы

 

5) Қызылорданың «Мелиоратор» футбол клубы Сочидегі оқу-жаттығу жиынында.

фотография8787

Сурет қай жылы түсірілген?

А) 1978 ж.

Ә) 1979 ж.

Б) 1980 ж.

В) 1981 ж.

 

6) «Локомотив» стадионының қазіргі директоры кім?

А) Анарбек Сарқұтов

Ә) Серік Сексенбаев

Б) Сәрсен Қиятбаев

В) Асқар Сереков

 

7)  Қызылордалық төреші Акмалхан Холматов төреші ретінде Премьер-лигада қай жылдан бері қызмет атқарып келеді?

А) 1996 ж.

Ә) 1999 ж.

Б) 2001 ж.

В) 2007 ж.

 

8) Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ең көп ойын өткізген футболшы?

А) Самат Смақов

Ә) Нұрбол Жұмасқалиев

Б) Андрей Карпович

В) Руслан Балтиев

 

9) Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) қашан құрылған?

А) 1904 жылдың 21 мамыры

Ә) 1930 жылдың 13 шілдесі

Б) 1946 жылдың 29 тамызы

В) 1954 жылдың 15 маусымы

 

10) Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 8-туры аясында өтетін «Қайсар» – «Шахтер» ойыны қандай есеппен аяқталады деп ойлайсыз? Нұсқаңызды жазыңыз.

Пікір қалдыру

(міндетті)

(міндетті емес)